Талдықорған алғаш рет республикалық триатлон турнирін қабылдайды!

16 May 2022

21-22 мамырда Талдықорғанда алғаш рет республикалық деңгейдегі тарихи турнир өтеді. Бұл күндері Жетісу облысының орталығында 150 астам кәсіби және әуесқой спортшылар жиналады.

Бірінші сайыс күні алаңға Elite, U23, U19 және U17 санатындағы спортшылар шығады. Олар триатлоннан ҚР Ашық кубогының екінші кезеңі аясында рейтингтік ұпайлар үшін сайысқа түспек. Одан кейін нашар көретін спортшылар арасында алғашқы паратриатлон чемпионаты өтеді. Олар 750 м жүзу, 20 км велодода мен 5 км жүгіруден тұратын спринт қашықтығын бағындырады.

Екінші күні Pro және Age Group санатындағы спортшылар TEMIRADAM Кубогының ІІ кезеңінде бақ сынайды. Олар алғаш рет «пирамида» қашықтығында сайысады:  2 км жүгіру, 8 км вело, 300 м жүзу, 8 км вело мен 2 км жүгіру.

Сайыстың мақсаты:

  • Қазақстанда триатлонды танымал ету және салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Қазақстандық кәсіби триатлоншылар, бапкерлер мен төрешілердің шеберлігі мен біліктілігін арттыру;
  • Мықты спортшыларды анықтау.

Өткізілетін күні: 21-22 мамыр 2022 жыл

Орны: Талдықорған қаласы, Қалалық жағажай

Басталуы: сағ. 09.00

Марапаттау: сағ. 11.30

Бас төреші: Михаил Кузнецов (Қазақстан)

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК, Жетісу облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы, «Қазақстан Триатлон Федерациясы» қоғамдық бірлестігі.

Іс-шара ERG компаниялар тобы мен Tassay тауар маркасымен «Юникс» ЖШС қолдауымен өткізіледі.

Ақпараттық қолдау: Qazsport, Tengrinews.kz, Vesti.kz пен WeProject.Media.

 

Ақпарат

Триатлон – жүзу, велосайыс пен жүгіруден құралған үш кезеңді үздіксіз бағындырып өтуден тұратын мультиспорттық сайыс. Құрамдас әр кезеңі өз бетінше циклдық спорт түрі болып табылады.

Халықаралық деңгейде олимпиадалық триатлон Бүкіләлемдік триатлон (World Triathlon) ұйымымен басқарылады.

«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ

010000, г. Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53

info@triathlon.org.kz, media@triathlon.org.kz

+7 777 306 77 11

 БАҚ өкілдері мен фототілшілерді аккредитациялау сілтеме бойынша өткізіледі.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi