Талдықорғанда республикалық триатлон турнирі өтеді

18 May 2022

Алдағы демалыстарда Талдықорғанның қалалық жағажайында екі күндік триатлон сайысы өтеді. ҚР Кубогының екінші кезеңі мен TEMIRADAM кубогының аясында қалада 150 кәсіби және әуесқой спортшылар жиналады.

Бірінші сайыс күні Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген Elite, U23, U19 и U17 санаттарындағы спортшылар спринт қашықтығында өз шеберлігін сынамақ.

Екінші күні сайыс алаңына Pro және Age Group спортшылары шығады. Биыл алғаш рет сайыс бағдарламасына «пирамида» дистанциясы қосылып отыр. Әр сайыскер 2 км жүгіру, 8 км велодода, 300 м жүзу мен қайтадан 8 км велосайыс пен 2 км жүгіруден тұратын жолды тоқтамастан бағындыруы қажет.

 «Ұлттық команда құрамына іріктеуден өткісі келетін спортшылар үшін бұл екінші кезеңді сынақ болады. Бұрын соңды Талдықорғанда сайыс өткізілмегендіктен, бұл – қазақстандық триатлон үшін өте маңызды сайыс болмақ. Алайда бұл жерлер бізге дейтаныс емес, себебі соңғы 3-4 жылда Қапшағайда турнирлер ұйымдастырған едік», — деп пікір білдірді ҚТФ спорт директоры Сергей Майер.

«Талдықорған – облыс орталығы, кең көшелері бар жасыл қала, триатлон іс-шараларын өткізуге арналған керемет жер. Талдықорғанда бағы бір дебют орын алмақ: TEMIRADAM кубогында жаңа дистанция қолданылады. «Пирамида» сайыскерлерге де, командамыз үшін де, ұйымдастыру жағынан жаңа сынақ болады. Барлығы да жоғары деңгейде өтетініне, пирамиданың әлі талай күнтізбемізге қосыларына сенімдімін ҚТФ бас среіктесі ERG компаниялар тобына әрі облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіремін», - деді ол.

Сайыс жергілікті уақыт бойынша азанғы сағат 9 басталады. Турнир қорытындысы бойынша спортшылар ұлттық рейтингідегі ұпайларын көбейтеді.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi