Әуесқой триатлет «Шекарасыз спорт» жобасына велосипед сыйлады

26 July 2018

Өткен сәрсенбіде «Триатлона Парк Астанада» «Шекарасыз спорт» жобасының жетекшісі – Бахтияр Базарбековпен ортақ жаттығу өтті. Қысқа жаттығу жұмысында ұлттық құрама команда мүшелері Анастасия Автушко мен Сабыржан Қосақ, Астана қаласы Триатлон Федерациясының бас бапкері Мұрат Әубәкіров және де сайыстардың Age Group санатындағы тұрақты қатысушысы Қайыргелді Жандос.

Бұл кездесуге Жандос Қайыргелдінің өнегелі ісі себеп болды. Ол «Шекарасыз спорт» жобасының спортшылары өз денелерін шынықтырып, Қазақстандық триатлон жанұясының толыққанды мүшесі ретінде сезінулері үшін оларға жаңа велосипед сыйлады.

Өз кезегінде Б.Базарбеков көз жанары әлсіз көретін не болмаса мүлдем көру қабілетінен айырылған велоспортшылардың басын қосқан жобасының жаттығу күндері туралы, бірегей құрлықаралық веломарафон - BLIND RACE 2018 ASTANA-PARIS жайында баяндап берді. Бұл шара тамыздың 4-і күні Астанадан бастау алып Парижде аяқталады. Веломарафонның көз жанары нашар көретін қатысушылары 6000 км жолды тандем велосипедтерімен жүріп өтпек. Соның арасында 6 елде орналасқан 28 қалаға қонақ болады. Ынтагерлер үлкен велотурды Ла-Манш бұғазында жүзіп аяқтамақ.

Бұл Жандостың қайырымды ишараты – триатлеттер мен «шексіз» мүмкіндікері бар жандар арасындағы берік достықтың бастамасы ғана деп сенеміз. Сонымен қатар біздің әуесқой спортшылар арасынан мұндай бірегей жандарға қандай да бір көмек көрсетем дегендерді қуана қолдайтынымзды жеткізгіміз келеді.

Қызығушылық танытқандар мында хабарласуына болады: +7 777 306 77 11 немесе info@triathlon.org.kz


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi