Өскемен триатлоннан ашық ұлттық біріншілікті қабылдайды!

26 May 2021

30 мамырда Өскемен қаласында кәсіби спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтеді!

Сайыста Elite, U23, U19, U17 және U15 санатындағы спортшылар бақ сынайтын болады. U23, U19, U17 және U15 санатындағы спортшылар 300 м жүзу, 8 км велодода және 2 км жүгіруден құралатын суперспринт қашықтығында жекелеп сайыастын болады. Elite санатындағы спортшылар осы қашықтықта топтасып сынға түспек.

Жарыс бас серіктестер «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Sport Qory» спорт және туризм индустрисын қолдау қоры, Eurasian Resources Group компаниялар тобы, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ASU брендімен RG Brands компаниясы және Өскемен қаласы мен ШҚО әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Ақпараттық қолдау көрсеткендер: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және WE project Media.

Сайыс ұйымдастырушылары – «Қазақстандық Триатлон Федерациясы» қоғамдық бірлестігі және ШҚО Мәдениет және спорт басқармасы.

Өткізілетін орны. Өскемен қалалық Этносаябағы

Басталуы: 10.00 сағ.

Ресми марапаттау: 13.00 сағ.

Сайыстың бас төрешісі – Михаил Кузнецов

Іс-шараның ресми сайты: www.triathlon.org.kz.

Сайыстың мақсаты мен міндеттері:

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- Қазақстан Республикасында триатлонды дамыту және танымал ету;

- балалар-жасөспірімдер спортын дамыту;

- ҚР ұлттық құрамасына кадрлық резерв қалыптастыру;

- спорт төрешілері, бапкерлер мен спортшылардың біліктілігін арттыру.

 

Анықтама

Триатлон – жүзу, жүгіру және велоспорттан құралған кезеңдерді үзіліссіз өтуді қажет ететін мультиспортивтік спорт түрі.

Қазақстандық Триатлон Федерациясы – кәсіби және әуесқойлық триатлонды, әлемдік триатлонда ілгері орынды алу және Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген қоғамдық ұйым.

Мекен жай: 010000, ҚР, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53

Телефон: +7 777 306 77 11

Сайт: www.triathlon.org.kz

  1. info@triathlon.org.kz, media@triathlon.org.kz.

 

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi