2022 жылы Нұр-Сұлтанда триатлоннан Азия чемпионаты өтеді

24 December 2021

Қымбатты достар!

Біздің тағы бір жақсы жаңалығымыз бар!

World Triathlon пен Asia Triathlon 2022 жылдың 23–24 маусымында Нұр-Сұлтанда U23 пен Junior санаттарындағы спортшылар арасында триатлоннан Азия чемпионаты болатындығын растады.

Астанамыз 2022 Asia Triathlon Junior and U23 Championships Nur-Sultan атты құрлықтық біріншіліктің қатысушыларын алғаш рет қабылдайтын болады. Бүгінгі таңда Сайыс және жауапты техникалық делегаттар бекітілді. Бұл халықаралық сайыс 2021 жылы болады деп күтілгенімен, тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға және бірқатар елдердегі шектеулерге байланысты болмай қалған еді.

Еске сала кетейік, 24 шілдеге TEMIRADAM Кубогының V кезеңі жоспарланып отыр. Pro және Age Group санатындағы сайыскерлер құрлықтық чемпионаттың тарихи дистанциясында сынға түсу мүмкіндігіне ие болды,

Барлық нақты ақпаратты қосымша жариялайтын боламыз.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi