Әбу-Дабиде 2017 жылы Дүниежүзілік сериясы триатлон ITU бірінші кезеңі аяқталды
Әсерлі іс-шара әлемнің 52 елінен келген 2500 атлеттің басын қосты.
Элиталық жарыстан басқа, ғажайып оқиғаға мыңдаған әуесқой-триатлет қатысты.
Жарыстың ең жас қатысушысы – 5 жаста, ал ең үлкені – 72 жаста.
Ерлер арасында ең үздік испандық Хавьер Гомес Нойя атанды,ол барлық қашықтықты 01:52:31 аралығында өтіп шықты.
Әлемнің бес дүркін чемпионы алтынды бір жылдық үзілістен кейін иемденіп отыр. Оның қанжығасында 50 жарыс, енді міне, 13 жеңіс бар.
Ұлыбританиядан келген Топ Бишоп оның спорттық өміріндегі алғашқы WTS күміс медалінің иесі атанды. Қола жүлде француз Винсент Луиске бұйырды, ол да жарысқа 15 ай созылған демалыстан кейін оралып отыр.
Әйел адамдар арасында бірінші боп Жаңа Зеландиялық Андреа Хьюитт атанды. Ол өзінің жеңісін қаза болған күйеу жігіті – триатлет Лорент Видэлге арнады.
Күміс жүлде де Ұлыбританияға аттанады, Джоди Стимпсонды алтынға небәрі бірнеше сантиметр ғана жеткізбей қойды. Үшінші орынды Аустриялық Сара Вилик иеленді, ол WTS-ке алғаш рет қатысып отыр.
ITU жас ерекшелік тобына Қазақстанның триатлеттері, сондай-ақ Қазақстан Триатлон Федерациясының атқарушы директоры Асылжан Достияров та қатысты. «Ең алдымен, біздің шетелдік әріптестеріміздің осындай шараны кәсіби деңгейде ұйымдастыруын бақылау – біз үшін баға жетпес тәжірибе. Жарыс қатысушысы ретінде айтарым, мәре сызығынан өткен кезде бар түсінетінің – кез келген мақсатқа қол жеткізу – бұл қажырлы еңбектің нәтижесі», - деп атап өтті Достияров.