Ақмола облысында триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді!
6-7 шілдеде Ақмола облысы Бурабай ауылында республикалық біріншілік –триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді!
Өткізілетін орны: Ақмола облысы, Бурабай ауылы, "Айнакөл" қонақүйі
Қазақстан Республикасының Чемпионаты – Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен триатлоннан өткізілетін ұлттық біріншілік.
Сайыс Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитетінің, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің, Ақмола облысы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек.
Сайыс ұйымдастырушысы: Ақмола облыстық Триатлон Федерациясы Қазақстандық Триатлон Федерациясы.
Ақпараттық қолдау: Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитеті, Tengrinews.kz, Weproject.
Сайыс мақсаты:
- Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;
- қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру;
- үздік спортшыларды анықтау.
Қазақстан Республикасы Чемпионаты аясында кәсіби спортшылар бірнеше дисциплина бойынша бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:
- U19 санаты (16-19 жас аралығы), дисциплина – триатлон, қашықтық – «спринт» (750 м жүзу, 20 км веложарыс, 5 км жүгіру).
- U23 санаты (18-23 жас аралығы), дисциплина – триатлон, қашықтық – «стандарт» (1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіру).
- Elite санаты (16 жастан жоғары), дисциплина – кросс-кантри триатлон, қашықтық – «спринт» (500 м жүзу, 12 км веложарыс, 4 км жүзіру).
Республиканың түрлі аймақтарынан келген 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Триатлоннан «TEMIRADAM» Кубогінің VІ кезеңі – қалың бұқараға триатлон мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) арасында өткізілетін ұлттық турнир.
«Спринтерлік» қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралатын болады:
750 м жүзу + 20 км веложарыс + 5 км жүгіру
Түрлі аймақтардан келген 130-ге жуық әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде.
Триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты аясында өткізілетін жарыс кестесі
Күні |
Уақыты |
Іс-шара |
6 шілде |
09.00 сағ. |
U23 санатындағы жарыс басталуы - ерлер |
09.05 сағ. |
U23 санатындағы жарыс басталуы - әйелдер |
|
11.45 сағ. |
U23 санатындағы жеңімпаздарды марапаттау |
|
12.15 сағ. |
U19 санатындағы жарыс басталуы - ерлер |
|
12.20 сағ. |
U19 санатындағы жарыс басталуы - әйелдер |
|
13.45 сағ. |
U23 санатындағы жеңімпаздарды марапаттау |
|
7 шілде |
9.00 сағ. |
Elite санатындағы жарыс басталуы - ерлер |
09.05 сағ. |
Elite санатындағы жарыс басталуы - әйелдер |
|
10.45 сағ. |
Elite санатындағы жеңімпаздарды марапаттау |
|
11.15 сағ. |
Age Group санатындағы жарыс басталуы |
|
13.30 сағ. |
Age Group санатындағы жеңімпаздарды марапаттау |
Анықтама
Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Кросс-кантри триатлон жүзу, таулы аймақтағы веложарыспен жүзіруден тұратын триатлон түрі. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.
Байланыс
«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ
010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 208 кеңсе
Веб-сайт: www.triathlon.org.kz