Ақтөбеде триатлоннан республикалық сайыстар өтті

22 June 2019

Бүгін Ақтөбе қаласы өз тарихында алғаш рет триатлоннан республикалық сайыстарды қабылдады. Мұнда «супер-спринт» қашықтығында ҚР Чемпионаты және «стандарт» қашықтығында ҚР Кубогінің ІІІ кезеңі өтті. Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған сайыстардың ресми ашылу салтанатында облыс әкімі Оңдасын Оразалин және Ақтөбе облыстық триатлон федерациясының басшысы Мирлан Мұхамбетов сөз сөйлеп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Дода қатысушыларын Ақтөбе аптап ыстықпен қарсы алды: ауа температурасы +32°С болса, су +23°С болып тұрды.

Сөре сызығына бірінші болып Elite санатындағы ерлер шықты. Олар «стандарт» қашықтығында ҚР Кубогі аясында сынға түсті. Одан кейін Elite және U17 санаттарындағы спортшылар «супер-спринт» қашықтығын ел біріншілігі арасында бағындырды.

Сайыс нәтижелері төменде берілген:

 

M-Elite санаты, «стандарт»:

1.        Антон Витолин (Алматы) – 1 сағат 59 минут 50 секунд

2.        Ануар Турубаев (Алматы) – 1 сағат 59 минут 51 секунд

3.        Владимир Толикин (Алматы) – 2 сағат 10 минут 31 секунд

 

M-Elite санаты, «супер-спринт»:

1.        Александр Автушко (Шымкент) – 25 минут 47 секунд

2.        Абзал Орынбек (Алматы) – 26 минут 18 секунд

3.        Сабыржан Қосақ (Шымкент) – 27 минут 10 секунд

 

F-Elite, «супер-спринт»:

1.        Юлия Озерова (Алматы) – 30 минут 19 секунд

2.        Айгерим Нұрғали (Алматы) – 32 минут 18 секунд

3.        Яна Морозова (Қостанай облысы) – 33 минут 52 секунд

 

M-U17, «супер-спринт»:

1.        Әзиз Нұрлан (Шымкент) – 29 минут 55 секунд

2.        Артем Франк (Қостанай облысы) – 30 минут 59 секунд

3.        Сергей Лапунов (Қостанай облысы) – 31 минут 11 секунд

 

F-U17, «супер-спринт»:

1.        Бибіжан Қалдыханова (Шымкент) – 35 минут 34 секунд

2.        Хафиза Гультураева (Шымкент) – 37 минут 01 секунд

3.        Самуна Шаназарова (Шымкент) – 43 минут 01 секунд


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi