Ақтөбеде салтанатты түрде Триатлон паркі ашылды

5 June 2022

Парктың ашылуына орай Нұр-Сұлтана, Ақтобе, Атырау мен Оралдан келген 30 команданың қатысуымен «Экиден» жеңіл атлетикалық сайысы өткізілді.

Парктің ашылу салтанатына облыс басшысы Оңдасын Оразалин, қала әкімі Асхат Шахаров, «Lancaster Group» компаниясының төрағасы, меценат Берік Қаниев пен Қазақстандық Триатлон Федерациясының вице-президенті Асылжан Достияров қатысты. Триатлон паркті "Lancaster Group" компаниясы бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі жобасы аясында тұрғызған.

Нысан бизнесмен әрі меценат Берік Қаниевтің, оның достары мен серіктестерінің бастамасымен әлеуметтік жауапкершілік аясында жүзеге асырылған. Триатлон паркінде ұзындығы 2,4 шақырым болатын велосипедпен жүретін және жүгіретін жол мен спорт ғимараты бар, онда триатлон, велосипед спорты мен жеңіл атлетика секциялары негізделетін үш зал орналасқан. Сонымен қатар, ғимаратта спорт бары болады, велосипед жөндейтін сервис орналасады, сонымен қатар, велосипед, шаңғы, конькиді жалға алуға болады.

​ Парктің ашылуы аясында «Экиден» жеңіл атлетика жарысы өтіп, оған Орал, Атырау, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қаласынан келген отыз команда ат салысты. Парктің ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, меценат әрі «Lancaster Group» компаниясының төрағасы Берік Қаниев және ҚР Триатлон федерациясының президенті Алдияр Қазтаев қатысты.

Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде: «Бүгін біздің ел Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. Осындай мәртебелі мереке күні Ақтөбе жерінде өткізіліп жатқан ерекше шараның бірі Ақтөбе қаласындағы триатлон паркінің ашылу салтанаты. Осы тектес триатлон паркі елімізде санаулы ғана ірі қалаларда қолданыста. Мұндай демалыс орнын бізге сыйға тарқан Lankaster Group Kazakhstan компаниясына және оның атқарушы директоры Қаниев Берік Сералыұлына ақтөбеліктер атынан зор ризашылымызды білдіреміз. Жалпы облыс көлеміндегі барлық аймақтарда бірқатар спорттық кешендер бой көтерді. Шалғай ауылдарда да қазіргі уақытта спорттың кез келген түрімен айналысуға толықтай мүмкіндік бар. Егер өткен жылы облыста 60 жаңа нысан пайдалануға берілсе, биылғы жылы 90-ға жуық спорт нысандарын қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз»,- деп атап өтті.

«Енді мұндай триатлон парк тек ел астанасында ғана емес, Ақтөбеде де бар. Тек триатлон ғана емес, қоғамның спорттық көңіл-күйі дамитын триатлон паркін салып, Ақтөбе өзге облыстарға мысал бола алады. Қазақстандық Триатлон Федерациясыны басшылығының атынан облыс басшысының бұқараның денсаулығын ойлап тапқан бұл шешіміне алғыс білдіремін. Және де "Lancaster Group" басшысы Берік Серәліұлына жеке алғысымды айтамын. Ол өз ісімен бизнестегі азаматтардың халықтың әлеуметтік әрі мәдени дамуына қалай үлес қоса алатындықтарын көрсетті. Сіздер бүгінгі таңдағы ғана емес, келешек ақтөбеліктерге де денсаулық сыйладыңыздар», - деді ҚТФ вице-президенті Асылжан Достияров.

Триатлон паркі қала мен облыстың белсенді тұрғындарын спортпен және дене шынықтырумен айналысуға тартатын жаңа орынға айналады. Паркке барлық келуші тегін кіре алады


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi