Астанада «TEMIR BALA» балалар сайысы өтті
Қазақстан Триатлон Федерациясының бастамасымен еліміздің аймақтарында триатлонды дамыту және жасөспірім ұрпақ арасында триатлонды спорт түрі ретінде әйгілеу мақсатында атқарылып жатқан кешенді жұмыстар аясында, 30 маусымда Астанада 2018 KIDS' AQUATHLON “TEMIR BALA” балалар сайысы өтті. Сайыста 7 жас пен 15 жас аралығындағы 100-ден астам балалар қатысты.
Акватлонның жүзу кезеңі «Барыс-Арена»-ның бассейнінде өтсе, жүгіру кезеңі спорт сарайының жанындағы алаңда болды.
Балалар жас категориясына байланысты жүзу мен жүгіруден әр түрлі дистанцияларда жарысты. Өз жас категорияларында бірінші орындарды Дарина Аманжол, Арина Гершевич, Арнур Алтай, Даниэла Гершевич, Екатерина Болгарская, Каирден Тулешев иеленді.
Ұйымдастырушылар барлық мәреге жеткен қатысушыларға естелік медальдар, ал жеңімпаздарға – TEMIR BALA кубоктарын табыстады.
Сайысты ҚТФ-ның балалар триатлонын дамытуға бағытталған «TEMIR BALA» республикалық бағдарламасының аясында Астана қалалық триатлон федерациясы бас серіктес «Цеснабанк» АҚ бірлесе отырып өткізген болатын.