Осы сенбіде Чолпон-Атада спринттан Азия чемпионаты басталады

13 September 2021

Сайысқа Бруней, Иран, Казахстан, Қырғызстан, БАӘ, Палестина, Өзбекстан мен Жапониядан келген  и Японии Elite және U15 санаттарындағы 60 спортшы қатысқалы отыр.

Elite спортшылары спринт қашықтығын (750 м жүзу, 20 км вело, 5 км жүгіру) бағындыратын болса, юниорлар суперспринтте (300 м жүзу, 8 км вело, 2 км жүгіру) бақ сынамақ.

Elite санатындағы ерлер арасында еліміздің атынан Аян Бейсенбаев, Дарын Қонысбаев, Мейрлан Искаков, Темирлан Темиров және Ануар Турубаев; әйелдерде – Екатерина Шабалина, Надежда Бекмаганбетова, Юлия Озерова мен Дарья Бычкова шықпақ.

Жасөспірімдер санатында көк ту астында сайысқа Тимур Бакиров, Станислав Глок, Никита Дубинский мен Алинаби Маралбеков, қыздарда Диана Ержанова, Вероника Иваньюк пен Ангелина Редченко түседі.

Бірінші болып сайысты жергілікті сағат 08.00 Elite әйелдері бастаса, ерлер – 11.00 сағ., U15 ерлер – 13.20 сағ., U15 қыздар – 14.10 сағ. сайысқа түседі. Сайыстың басты техникалық делегаты – халықаралық екінші дәрежелі төреші Kyung Sook Kim (Корея).


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi