Қапшағайда ҚР триатлон Кубогының кезеңі өтті

11 September 2021

Бүгін Қапшағайда Elite санатындағы спортшылар арасында триатлоннан ҚР Ашық кубогының екінші кезеңі өтті. Сайыскерлер стандартты қашықтықта сайысулары керек еді, алайды таңнан көтерілген дауыл төрешілерді жүзу кезеңін болдыртпауға мәжбүр етті. Сайыс форматын дуатлонға ауыстырып, спортшылар 5 км жүгірді, 40 км велосипедпен сайысып, 10 км жүгірумен мәреге жетті.

Ерлер арасында подиумды алматылық Ануар Турубаев пен қостанайлық Семен Пивоваров өзара бөлісті. Турубаев 2:09:18 нәтижесімен бірінші орын алса, Семён Пивоваров 2:11:39 уақытымен екінші орыннан көрінді.

Қыздар арасында сайысқа тек алматылық Дарья Бычкова шығып, 2:28:48 нәтижесімен сәйкес рейтингтік ұпайларын жеңіп алды.

Кейбір спортшылардың алда Чолпон-Атада болатын құрлықтық біріншілікке дайындығын әрі соңғы уақыттары Павлодар, Қарағанды және Ақтөбеде болмай қалған жарыстардың салдарынан Қапшағайға барлық «элита» келе алмады.  Әйтесе де, ертең, салқын ауа райына қарамастан, сайыс алаңында ыстық бәсеке болмақ: ҚР триатлоннан Ашық Кубогы аясында тоқсаннан астам жас спортшылар бақ сынасуға шығады деп күтілуде.

Сайыстар бас серіктестердің: «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Eurasian Resources Group компаниялар тобы, сонымен қатар, Sport Qory» Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры қаржылық серіктестің қолдауымен өткізілгенін естеріңізге саламыз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi