Нұр-Сұлтанда триатлон төрешілерін дайындау курсы өткізілді

15 November 2020

Нұр-Сұлтанда «Триатлон кезеңдеріндегі төрешілердің негізгі қызметтері мен жауапкершілік зоналары» атты триатлон төрешілерін дайындау курсы өткізілді. Онлайн курста ҚТФ қызметкерлері Михаил Кузнецов, Дмитрий Машенцев және Айдар Исенов дәріс оқыды.

Курста Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан 71 адам қатысты. Курс өту барысында дәріскерлер төрешілер иерархиясы, олардың функциялары мен жауапкершілік зоналары, төрешіліктің түрлі процедуралары секілді тақырыптарды қамтыды.

Курс аяғында қатысушылар онлайн тестілеуден өтті. Тестілеуден өткендерге ҚТФ бірінші деңгейдегі төрешілер дайындау курстарын өткендігін растайтын сертификаттар таратылмақ.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi