Шымкентте триатлоннан қала біріншілігі өткізілді

10 April 2021

Бүгін Шымкентте екі күнге созылған триатлон бойынша Шымкент қаласының ашық чемпионаты өткізілді. Бұл Шымкент қалалық триатлон Федерациясының коронавирус пандемиясы басталғалы өткізген алғашқы бұқаралық іс-шарасы болды.

Біріншілікте еліміздің 11 аймағынан келген U15, U17 және U19 санатындағы спортшыдар супер-спринт (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру) қашықтығын бағындырды. Сонымен қатар, қашықтықта 14 шымкенттік әуесқой спортшы бақ сынады.

Бірінші сайыс күні сайыскерлер бассейнде жүзуден жарысса, екінші күні веложарыс пен жүгіруден сайысты. Шымкенттің ауа-райы сайыскерлерді жылулығымен қуантып, температура +20°С көрсеткішін ұстап тұрды.

Сайыскерлер келесі нәтижелер көрсетті:

Категория U-15, қыздар:

  1. Диана Ержанова (Нұр-Сұлтан) – 30 мин. 36 сек.;
  2. Вероника Иванюк (Шымкент) - 30 мин. 36 сек.;
  3. Ангелина Редченко (Ақмола облысы) – 31 мин. 06 сек.

Категория U-15, ерлер:

  1. Никита Дубинская (Ақмола облысы) – 26 мин. 27 сек.;
  2. Станислав Глок (Ақмола облысы) – 27 мин. 16 сек.;
  3. Тимур Бакиров (Ақмола облысы) – 28 мин. 07 сек.

Категория U-17, қыздар:

  1. Анастасия Захарова (Ақмола облысы) – 30 мин. 56 сек.;
  2. Хафиза Гультураева (Шымкент) – 31 мин. 34 сек.;
  3. Сана Омирбек (Алматы) – 32 мин. 38 сек.

Категория U-17, ерлер:

  1. Максим Шмулич (Ақмола облысы) – 25 мин. 35 сек.;
  2. Медхат Даиров (Ақмола облысы) – 25 мин. 45 сек.;
  3. Арлан Жанабай (Ақмола облысы) – 25 мин. 51 сек.

Категория U-19, қыздар:

  1. Надежда Бекмаганбетова (Нұр-Сұлтан) – 27 мин. 49 сек.;
  2. Аружан Аманжолова (Түркістан облысы) – 34 мин. 25 сек.

Категория U-19, ерлер:

  1. Александр Тен (Алматы) – 23 мин. 21 сек.;
  2. Егор Крупяков (Алматы) – 23 мин. 52 сек.;
  3. Елдар Шекербек (Алматы) – 24 мин. 18 сек.

Категория Age Group, әйелдер:

  1. Актолкын Бухарбаева (Шымкент) – 36 мин. 35 сек.

Категория Age Group, ерлер:

  1. Артур Шыназбеков (Шымкент) – 29 мин. 38 сек.;
  2. Сакен Мамырбеков (Шымкент) – 30 мин. 48 сек.;
  3. Даулет Егембердиев (Шымкент) – 31 мин. 29 сек.

Жасөспірім спортшылардың бәсекелі додасын ендігіде 30 мамырда Өскеменде болатын ел біріншілігінде тамашалауға болады.

«Санитарлық талаптардың сайысты ұйымдастыруда көп ыңғайсыздықтар туындатқаны сөзсіз. Әйтсе де, біз қойылған тапсырманы толықтай орындадық деп есептеймін. Республикамыздың 11 аймағынан келген спортшылар мен ұлттық федерация жұмысымызға әділ баға берер деген ойдамын. Санитарлық нормаларды орындау іс-шараның көркемділігіне әсер етті. Себебі, спортшылар өзара уақыт салып сайысты бастады. Көрермендер мен жанкүйерлердің болмағаны, әрине, өкінішті.

Жуырдағы уақытқа біз оңай, бірақ орындауда күрделі мақсаттарды ұстанып отырмыз: триатлонды дамыту мен танымал ету, жыл сайынғы сайыстарды өткізу, клубтық жүйені дамыту, бапкерлермен жұмыс жүрігзу және спортшыларға қолдау көрсету», - деп сайысты қорытындылады қалалық федерация президента Бауржан Канкин.

Өз бетінше осындай бұқаралық іс-шараны ұйымдастырған Шымкент қалалық триатлон федерациясының жұмысын ерекше атап өткен жөн. Федерацияның алдына көп талаптар қойылған-ды: санитарлық нормаларды сақтау, барлық сайыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б. Бірақ жоғарғы талаптар ұйымдастыру сапасына әсер етпеді. Бұл емтиханды федерация өзге аймақтарға үлгі болардай үздік етіп тапсырды.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi