Түркістанда ұлттық триатлон кубогының бірінші кезеңі өтеді!

13 April 2022

23-24 сәуірде Түркістан Elite, U23, U19 және U17 санаттарындағы спортшылар арасында өтетін Қазақстан Республикасының Ашық триатлон кубогының бірінші кезеңін қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Ашық триатлон кубогының бірінші кезеңі – Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен кәсіби триатлоншылар арасында өткізілетін ұлттық турнир. Бірінші сайыс күні еліміздің түрлі аймақтарынан келген он үш жастан асқан 60 астам спортшылар сынға түседі.

Екінші сайыс күні алаңға Gasenergy TEMIRADAM CUP Turkestan жарысының Pro (кәсіпқой) мен Age Group (әуесқой) санатындағы қатысушылары шығады. Сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ташкент, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарынан келген 100 астам спортшы қатысады. Олар TEMIRADAM кубгының рейтингтік ұпайлары үшін сынға түседі.

Екі күндік сайыстың барша қатысушылары 750 м жүзу, 20 км велосайыс пен 5 км жүгіруден құралған спринт қашықтығын бағындырады.

Сайыстың мақсаттары:

· Мықты спортшыларыд анықтау;

· Кәсіби спортшылардың шеберлігі мен біліктілігін арттыру;

· Триатлон төрешілерінің біліктілігін арртыру;

· Қазақстанда триатлон мен салауатты өмір салтын дамыту.

Сайыс ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Түркістан облыстық триатлон федерациясы» ҚБ, «Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ.

Сайысты қолдағандар: ERG Компаниялар тобы, основных премиум санатты жанармай стансаларының желісі, Nomad TriClub әуесқой триатлоншылар клубы, Tassay тауар маркасымен «Юникс» ЖШС.

Ақпараттық қолдау көрсеткен: Qazsport, Tengrinews.kz, Vesti.kz мен WeProject.Media.

Күні: 23–24 сәуір 2022 жыл

Орны: Түркістан қаласы, Олимпиадалық орталық

Кесте:

23 сәуір

8:00

Elite, U23, U19, U17 санаттарының сайыс басталуы

10:00

Elite, U23, U19, U17 сайысының аяқталуы

11:00

Elite, U23, U19, U17 спортшыларын марапаттау

24 сәуір

7:40

Pro және Age Group санатындағы спортшылар сайысының басталуы

12:10

Pro және Age Group спортшыларын марапаттау

 

Ақпарат

Триатлон – жүзу, велосайыс пен жүгіруден құралған үш кезеңді үздіксіз бағындырып өтуден тұратын мультиспорттық сайыс. Құрамдас әр кезеңі өз бетінше циклдық спорт түрі болып табылады.

Халықаралық деңгейде олимпиадалық триатлон Бүкіләлемдік триатлон (World Triathlon, бұрынғы ITU) ұйымымен басқарылады.

«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ

010000, г. Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53

info@triathlon.org.kz, media@triathlon.org.kz

+7 777 306 77 11


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi