Гонконгтан «алтынмен» оралды
15 October 2024

Өткен демалыс күндері, 2024 жылғы 13 қазанда Гонконгта триатлоннан суперспринттік қашықтық бойынша жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті.
Қазақстандық спортшы Айнегов Рамазан тамаша дайындық көрсетіп, 00:31:10 нәтижесімен Азиядағы 43 жас спортшының арасынан үздік атанды және алтын медальді жеңіп алды. Мәре сызығына екінші болып Оңтүстік Корея спортшысы Вухён Канг келді, ол қашықтықты аяқтаған уақытын көрсетті 00:31:35, үшінші болып Гонконг спортшысы Нгай Чун Тинг 00:31:41 жетті.
Рамазанды, сондай-ақ жаттықтырушылар Мұрат Әубәкіров пен Аслан Абдрахмановты тамаша нәтижемен құттықтаймыз!