Азия чемпионатының ресми интернет парақшасын жариялаймыз

16 July 2021

Бүгін біз Нұр-Сұлтанда болатын Азия чемпионатының басталуына күн санақты бастап, іс-шараның ресми интернет парақшасын жариялаймыз. Осы маусымның бас додасына елу күннен аз уақыт қалды. Сайыстың кестесі мен маршрут сызбаларын на www.asia-champ.triathlon.org.kz сайтынан таба аласыздар.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 3-5 қыркүйегінде Орта Азияда алғаш рет астаналық Триатлон паркте триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Чемпионатта U19 (19 жасқа дейінгі), U23 (23 жасқа дейінгі) санатындағы спортшылар және Mixed Relay (эстафеталық командалар) қатыспақ. Он тоғыз жасқа дейінгі спортшылар 750 м жүзу, 20 км веложарыс пен 5 км жүгіруден тұратын спринтерлік қашықтықтағы Азия чемпионын анықтайтын болады. U23 санатындағы спортшылар одан екі есе ұзын олимпиадалық қашықтықтағы құрлық чемпионы атағы үшін сынға түседі. Құрамына екі екіден ер және әйелдер кіретін эстафеталық командалар 250 м жүзу, 6,6 км веложарыс пен 1,6 км жүгіруден құралатын қашықтықты тоқтаусыз бағындыратын болады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi