TEMIRADAM Training жаттығуларын бастаймыз!

28 May 2020

Құрметті триатлонсүйер қауым!

TEMIRADAM Training жаттығуларын бастаймыз!

TEMIRADAM Training дегеніміз не?

TEMIRADAM Training – Нұр-Сұлтан қаласының саябақтары мен басқа да жерлерінде өткізідетін жаттығу түріндегі сайыс. Шынайы додаға қатысуға мүмкіндігі жоқ болса, біз шынайы жаттығу ұйымдастырамыз!

TEMIRADAM Training өту барысында сыйымдылығы 50 адамдық әрі адамдар арақашықтығы 2 метр болатын транзиттік зоналар құрылатын болады. TEMIRADAM Training триатлон, дуатлон және басқа да түрлері бойынша өткізілмек. Әр TEMIRADAM Training басталмастан ол туралы толық ақпаратты біз парақшамызда жариялайтын боламыз.

Әр спортшы TEMIRADAM Training қатысып, өз күшін сынап көре алады. Қатысу ТЕГІН!

Бірінші TEMIRADAM Training 31 мамырда сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін болады. Спорт түрі – дуатлон, қашықтық – 5 км жүгіру, 20 км вело және 2,5 км жүгіру.

Өтетін орны: Қосшы ауылына бағыт алғандағы Қарқаралы шоссесінің бойы. Сайыс болатын орынға тікелей сілтеме - https://goo.gl/maps/ff5aGeq9v3vZwP7d7.

Жаттығуда қатысу үшін мынадай міндетті шарттарды орындау қажет:

  1. Тұмша (маска) кию және арақашықтық пен жеке гигиена ережелерін сақтау.
  2. Strava қоысмашсындағы Kazakhstan Triathlon Federation Club клубына тіркелу.
  3. Strava қосымшасындағы аккаунтыңызға сілтемемен бөлісу (жаттығу болатын жерде бөліссеңіз болады).
  4. Өзіңізбен бірге барлық қажетті спорт құралдары мен тіске басар болу керек.
  5. Strava-дағы GPS трекеріңіз бен пульсометрдің болуы міндетті.
  6. Транзиттік зонаға кірерде өзара 1 метр, ал транзиттік зона ішінде 2 метр арақашықтықты ұстану.
  7. Жаттығудың кезеңдерінде де өзара рақашықтықты сақтау. Қатысушылар арасындағы қашықтық: велокезеңде – 10 м, жүгіру кезінде – 2 м болуы тиіс.
  8. Маршрут схемасында көрсетілген бағытты қатаң сақтау. Карта әр TEMIRADAM Training алдында жарияланатын болады.
  9. Дуатлонның барлық кезеңдері транзиттік зонада тоқтағанда не басқа да уақытша аялдамаларды ескерместен бір вело жаттығу түрінде Strava қосымашсына жүктелуі тиіс.

TEMIRADAM Training-ке қатысқаны не жеңіске жеткені үшін спортшыларға рейтингтік ұпайлар6 сыйлықтар немесе жүлделі орындар үлестірілмейді.

TEMIRADAM Training 2020 жылдың жаз айларында өткізіліп отыратын болады. Ал барлық жаттығуларға қатысқан спортшылар осы жылы ашылғалы отырған онлайн дүкенімізде 10% жеңілдікке ие болады. Ал қалған қатысушыларға 5% жеңілдік беріледі.

Егер сұрақтарыңыз болса info@triathlon.org.kz поштасына жазыңыздар.

 

 

 

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi