Астанамызда спортшыларға «You are аn Ironman» сөздері айтылатын болады!

25 December 2019

2020 жылдың 23 тамызында Орта Азия және ТМД елдерінің территориясында алғаш рет ұзақ қашықтықтағы триатлон бойынша сайыстар сериясы - BI Group IRONMAN Kazakhstan және «жартылай темір» қашықтықта BI Group IRONMAN 70.3 Astana өтетін болады. Екі сайыс та бір күнде өткізілмек.

Осы жылдың жазында Wanda Sports Group компаниясы BI Group IRONMAN Kazakhstan додасының IRONMAN сайыстар картасына енгізілгенін жариялады.

«2018 жылы  BI Group IRONMAN 70.3 Astana сайысын ұйымдастыру арқылы біз жаңа аймаққа келдік. Бүгін бізді өз қонақжайлылығымен таң қалдырған елде болатын екінші сайысқа барлық спортшыларды шақырамыз. Қазақстан және Нұр-Сұлтан қаласы толық IRONMAN-ға дайын екендігін дәлелдеп үлгерді. Бұл расында да таң қалдырмай қоймайды.» - деді IRONMAN атқарушы директоры Стефан Петшниг

BI Group IRONMAN Kazakhstan дәстүрлі түрде Астана Триатлон паркінде өткізіледі. Жүзу кезеңі Есілде болады. «Туристтік» велокезең қаланың ең сұлу жерлерімен өтетін болады. Биіктігі 30 метрден аспайтын жүгіру кезеңі соңғы минуттарда қарқын алып, үздік нәтижеге жетем деушілерге арналған.

«Ironman Astana-ның «тегіс» ландшафты жаңа рекордтар қоюға мүмкіндіктер ашады. Барша триатлон сүйер қауымға қош келдіңіз дейміз. Нағыз қазақи қонақжайлылық оларды қайта оралтатынына сенімдіміз.», - деді дода директоры Алексей Сидоренко.

Қазіргі таңда сайысқа әлемнің 44 елінен спортшылар тіркеліп үлгерген. Биыл олардың арасында Боливия, Эквадор және Андорра секілді жаңа елдер бар. Бұл дегеніңі шетелдік спортшылардың азиа құрлығындағы сайыстарға шынайы қызығушылық танытып отырғандығын білдіреді. Жаңа жыл түні тіркеудің бірінші кезеңі аяқталады. Бұл уақытқа дейін сайысқа ең арзан бағамен тіркелуге болады.

Еске сала кетейік, Ironman бір жыл бойы Жер шарының түрлі-түрлі нүктелерінде болады. Олардың әрқайсысында белгілі бір слот саны ойнатылады. Әр слот маусымның басты додасы – Гавай аралдарында өтетін Ironman Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді. Мұнда әлем чемпионы атағы таласқа салынады. BI Group IRONMAN Kazakhstan додасында Каилуа-Конада 2021 жылы болатын әлем біріншілігіне 30 слот ойнатылмақ.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi