Азия триатлон конфедерациясының 29-ы Конгрессі: Қазақстан құрлықтық біріншілікті қабылдайды

24 April 2021

Бүгін құрлықтық чемпионат аяқталған соң Азия триатлон конфедерациясының жыл сайынғы 29-ы Конгрессі өткізілді. Конгрессте Азияның 25 ұлттық триатлон федерациялары қатысты. Олардың арасында Қазақстан да бар. Сонымен қатар, World Triathlon басшылығы мен Атқару кеңесінің мүшелері де қатысты.

 Онлайн-конференцияның кезінде Asia Triathlon президентінің, бас хатшысының, бас қазынашысы мен спортты дамыту басшысының жылдық есептері тыңдалды. Конгрес мүшелері ұйым күнтізбесіне спринт қашықтығындағы Азия чемпионатын қосы туралы Конституцияға өзгеріс енгізуді бір ауыздан мақұлдады. Asia Triathlon құрамына жаңа мүше – Сауд Арабиясының ұлттық триатлон федерациясы қабылданды.

Сонымен бірге виртуалды кездесу кезінде жуырда болатын Азия құрлығының ірі турнирлерінің жергілікті ұйымдастыру комитеттері өз іс-шараларымен таныстырып өтті:

  • Токиода болатын Олимпиада және Паралимпиада ойындары;
  • 2021 жылы ЧолпонАтада болатын спринт қашықтығындағы Азия чемпионаты;
  • 2021 жылы НұрСұлтанда болатын Аралас эстафета және U23, Junior санаттарында спортшылар арасындағы Азия чемпионаты;
  • 2022 жылы Ханчжоуда болатын 19ы Азия ойындары.

Осылайша Қазақстан өз жерінде аралас эстафета, жасөспірім және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатын қабылдайтын болады. Орталық Азияда алғаш өткелі отырған айтулы дода 3-5 қыркүйекте ел астанасында өтеді деп жоспарлануда.

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi