Арина Шульгина Ченнайда өткен Азия Кубогінде қола жеңіп алды

24 February 2020

Кеше бірнеше елде триатлоннан ұлттық құрама команда мүшелері өнер көрсеткен сайыстар өтті.

Бірінші болып спортшыларымыз Үндістанның Ченнай қаласында Азия Кубогінің додасына түскен болатын. Жоспарланған олимпиадалық қашықтықты төрешілер су мәселелеріне орай 5 км жүгіру, 40 км веложарыс және 10 км жүгіру болып өзгертті.

Турнир қорытындысы бойынша Арина Шульгина 2 сағат 1 минут 36 секунд нәтижесін көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Үнділік кезеңнін «алтынын» 2 сағат 1 минут 25 секунд нәтиже көрсеткен Чили спортшысы Барбара Риверос қанжығасына байлады. Екінші орынды румындық Антонела Манак жеңіп алды (2 сағат 1 минут 25 секунд).

Қазақстандықтар арасында үздік нәтижені  (1 сағат 50 минут 43 секунд) Дарын Қонысбаев көрсетті. Семен Пивоваров 1 сағат 47 минут 46 секунд нәтижесімен 9-шы орыннан көрінсе, Александр Автушко 2 сағат 1 минут 41 секунд уақытымен он екінші болды.

Ерлер арасындағы бірінші орынды қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс сербтық спортшы Огнен Стоянович (1 сағат 48 минут 45 секунд) жеңіп алды. Жеңімпазға 15 минутқа жеңілген гонконгтық Оскар Коггинс күміс алды. Үштікті 1 сағат 49 минут 21 секунд көрсеткен чех Ян Целустка тұйықтады.

Араға он үш сағат салып Кубаның Гавана қаласында өткен Панамерика кубогі аясында басқа спортшыларымыз додаға түсті. Сайыс нәтижесі бойынша Аян Бейсенбаев сегізінші болды – 1 сағат 55 минут 6 секунд. Темірлан Теміров кезекті олимпиадалық қашықтықты 1 сағат 57 минут 39 секундта бағындырып, қорытынды хаттамада 15-ші орынға жайғасты. Теміровтан 9 секунд кейін мәреге жеткен Мейрлан Ысқақов 16-шы болды.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi