Жаңа құрамдағы үлкен старт

28 February 2017

Триатлон бойынша Азия Кубогының кезеңі осы жазда Астана қаласында өтеді

Будапешт қаласында Халықаралық Триатлон Одағымен (ITU) ұйымдастырылған конференция өтті, ол 32 елден 110 астам өкілдің басын қосты. Бұл дебюттің қатысушылары арасында Қазақстан Триатлон Федерациясы да бар.

Федерацияның жаңа құрамы атынан Венгрияның астанасында Бас хатшы Максим Крят және атқарушы директор Асылжан Достияров өкілдік етті.

24-26 ақпан аралығында өткен «Triathlon events for the next generation of athletes» конференциясының мақсаты – шараларды өткізу деңгейі мен сапасын арттыру, сондай-ақ әлемдік аренада триатлонды алға жылжыту. Бағдарлама өз ішінде маркетинг, жоспарлау және тағы көптеген өзге тақырыптарға қатысты баяндамалар мен семинарларды қамтыды.

Конференция қызықты спикерлер үшін тиімді алаңға айналды, олардың ішінде Tour de France, IRONMAN, Norseman өкілдері, сондай-ақ ITU медициналық-доппингке қарсы комитетінің төрағасы, дәрігер Sergio Migliorini де бар.

Бас хатшы Максим Крят:

«Мұндай деңгейдегі шарада Қазақстан Триатлон Федерациясы жай ғана көрермен мен статист ретінде емес, толыққанды қатысушы ретінде қатысып отырғаны, әрине, қуанышты жайт. Осының айғағы ретінде, ITU және Азиялық Триатлон Конфедерациясымен (ASTC) жаздың ортасында біздің Елордамызда спринтерлік қашықтыққа триатлон бойынша Азия Кубогының кезеңі өткізіледі деген уағдаластыққа қол жеткізілді».


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi