Александр Винокуров Каилуа-Конада болатын Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

1 July 2019

Әйгілі Олимпиада чемпионы, Қазақстандық Триатлон Федерациясының құрметті мүшесі Александр Винокуров Ironman Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Өткен апта жарқын жаңалықтарға толы болды. Сондай жаңалықтардың бірі жыл сайынғы Ironman 70.3 өткен Ниццадан келді. Олимпиада чемпионы, Қазақстандық Триатлон Федерациясының құрметті мүшесі Александр Винокуров «толық темір» (3,8 км жүзу, 180 км веложарыс, 42,2 км жүгіру) қашықтығын сәтті бағындыра білді.

 Александр Винокуроы 7 сағат 55 минут уақыт көрсетіп, өз жас тобында бірінші орын алды. Ол аталмыш қашықтықта Қазақстан рекордын орнатып, Конда өтетін Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Винокуров үшін бұл екінші әлем чемпионаты болмақ. Өткен жылы Винокуров өз жас тобында 7-ші орынға ие болған еді.

Айта кетейік, Періштелер бұғазының жаңалауында «IRONMAN» атағына өзге де спортшылар ие болды. Мәселен, екі олимпиада қатысушысы Сергей Яковлев 9 сағат 8 минут 6 секунд нәтижес көрсетті. Қазақстандық кәсіби велошабандоз Максим Гуров 8 сағат 59 минут 24 секундта мәреге жетті.

Бұл жылы Ironman 140.6 Әлем чемпионаты дәстүрлі түрде Конада 12 қазанда болады.

Сурет: @alexandrvinokurov

 

 




 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi