Арина Шульгина Арцакенадағы Әлем кубогына қатысады
Ертең астана уақытымен сағат 14.30-да италияндық Арцакена қаласында триатлоннан Әлем Кубогының кезеңі басталады. Сайысқа әлемнің 34 елінен келген Elite санатындағы 125 спортшы қатысады. Квалификациялық додада Қазақстан атынан ұлттық құрама команда мүшесі Арина Шульина бақ сынайтын болады.
Сайыскерлер 750 м жүзу, 19,3 км велосайыс және 5 км жүгіруден тұратын спринтерлік қашықтықты бағындырмақ. Олар Токиода болатын Олимпиада ойындарына рейтингтік ұпайлары үшін күресетін болады.
«Ұзақ аялдама болғандықтан жол тым ұзақ әрі ауыр болды. Әйткенмен сайыс болатын жерге аман-есен жеттік. Жапонияда болғандай COVID-19 қатысты қатаң шектеулер болған жоқ. Барлық спортшылар сайыс болатын трасса бойымен еркін жаттығып жүр.
Бүгін ұйымдастырушылар буйларды қондырып, жүзу кезеңімен таныстырды. Су температурасы 20 °C төмен, сондықтан гидрокостюмдерге рұқсат етулері ықтимал. Өкінішке орай, велододаның жолымен таныстырмады. Трассаны көрген жөн болар еді, себебі онда қиын жол бөліктері болған.
Арина сайысқа түсуге әбден дайын. Бұл жарыстағы ең кем дегендегі мақсатымыз үздік ондыққа кіру, максималды мақсат – үздік үштікке іліну», - деп пікір білдірді ҚТФ бапкері Екатерина Вышегородцева.
Аринаға сәтті сайыс тілейміз!