«Астана ЭКСПО-2017» мыңдаған спортшылардың басын қосады

4 April 2017

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Е.Б. Қанағатовтың, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК, сондай-ақ Қазақстан спорттық федерациялардың қатысуымен жиналыс өтті. Кездесуде әлемнің 100-ден астам елінен мыңдаған спортшылар қатысатын халықаралық спорттық шараларды дайындау және өткізу мәселелері талқыланды. Бұл жарыстар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде ұйымдастырылады, соның ішінде – ASTANA ASIA CUP 2017 Триатлон бойынша Азия Кубогының кезеңі. Жиналыс қорытындысы бойынша, жиналысқа қатысушылармен халық арасында салауатты өмір салтын алға жылжыту бойынша күш-жігерді біріктіру, сондай-ақ шараларды едәуір сапалы жаңа деңгейде өткізуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.    


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi