Үлкен триатлон Көкшетауда!

1 July 2021

2021 жылдың 10-11 шілдесінде Бурабайда екі үлкен спорт додасы өткелі отыр - Elite және U15 санатындағы спортшылар арасындағы араласа эстафетадан Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты және Pro және Age Group санатындағы спортшылар арасындағы «TEMIRADAM» Кубогының ІІІ кезеңі.

Сайыс ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және дене шынықтыру министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті» ҚБ (әрі қарай – ҰОК), «Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ (әрі қарай – ҚТФ), Ақмола облыстық триатлон федерациясы және Ақмола облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Бас серіктестердің қолдауымен: «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Sport Qory» Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры, Eurasian Resources Group компаниялар тобы, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және Ақмола облыстының әкімдігі.

10 шілдеде Elite және U15 санатындағы спортшылар арасындағы дода Mixed Relay дисциплинасы бойынша өтетін болады. Құрамында екі әйел және екі ер спортшылары бар эстафеталық командалар 250 м жүзу, 6,6 км велосайыс пен 1,6 км жүгіруден құралған қашықтықты бағындырмақ.

Сайыстың басталуы: 09.00

Марапаттау: 14.30

Сайыстың бас төрешісі – Михаил Кузнецов

Сайыстың ресми сайты: www.triathlon.org.kz.

11 шілдеде Pro и Age Group санатындағы спортшылар арасында «TEMIRADAM» Кубогының ІІІ кезеңі болады.

Стандартты қашықтық үш кезеңнен құралады: 1500 м жүзу + 40 км велосайыс + 10 км жүгіру.

Сайыстың басталуы: 10.00  

Марапаттау:14.40

Сайыстың бас төрешісі – Михаил Кузнецов

Сайыстың ресми сайты: www.temiradam.com

Сайыстың мақсаты мен міндеттері:

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- Қазақстан Республикасында триатлонды дамыту және танымал ету;

- балалар-жасөспірімдер спортын дамыту;

- ҚР ұлттық құрамасына кадрлық резерв қалыптастыру;

- спорт төрешілері, бапкерлер мен спортшылардың біліктілігін арттыру.

 

Анықтама

Триатлон – жүзу, жүгіру және велоспорттан құралған кезеңдерді үзіліссіз өтуді қажет ететін мультиспортивтік спорт түрі.

«TEMIRADAM» - ҚТФ ұйымдастырған бірнеше кезең және финалдан тұратын кубок. «TEMIRADAM» кубогының иегері деп бір сайыс жылының ішінде өз жас тобы мен гендерлік санатында өзгелерден көбірек рейтингтік ұпайлар жинаған спортшыны айтады.

Қазақстандық Триатлон Федерациясы – кәсіби және әуесқойлық триатлонды, әлемдік триатлонда ілгері орынды алу және Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген қоғамдық ұйым.

Мекен жай: 010000, ҚР, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53

Телефон: +7 777 306 77 11

Сайт: www.triathlon.org.kz

info@triathlon.org.kz, media@triathlon.org.kz.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi