Үлкен триатлон Қостанайда!

8 April 2021

Үлкен триатлон Қостанайда!

18 шілдеде көптен күткен дода - “TEMIRADAM” Кубогының IV кезеңі өтеді. Бұл сайысты триатлон жанкүйерлері көптен күтті, себебі, бұл әсем қалада 2018 жылдан бері көк кілем төселіп, TEMIRADAM мәресі кесілмепті. Соңғы рет қостанайлық спринт сайысын @aubakirov_tricoach және @ aselsad_80 жеңіп алған еді.

Бұл жылы да Pro және Age Group санатындағы спортшыларды сол спринтерлік қашықтық күтетін болады – 750 м жүзу, 20 км веложарыс және 5 км жүгіру. Сонымен қатар, әуесқой спортшылар команда жинап, эстафеталық командалар арасындағы додада бақ сынай алады.

Бүгін АЛДЫН АЛА тіркеуді ашық деп жариялаймыз

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

Алдын ала тіркелу сайыскердің жеке кабинеті арқылы 8 шілдеге дейін АҚЫСЫЗ өткізіледі. Бұлайша өз орныңызды брондайсыз. Сайысқа қатысу төлемін сайыс болатын уақытқа қарай төлеу қажет. Ол күн қосымша хабарланатын болады. ҚТФ клубтық жүйесінде тіркелген клубтар үшін Age Group санатында 7 орын бөлінеді.

Ақысыз алдын ала тіркелу коронавирусқа қатысты құбылмалы жағдайға байланысты әрі сайыскерлерді артық шығынға батырмау мақсатында жүргізіліп отыр. Ұйымдастыру комитеті COVID-19 қатысты жағдайдың толықтай тұрақталмауына орай сайыстың басқа күнге ауысу мүмкіндігін немесе мүлдем болмай қалу ықтималдығы бар екендігін ескертеді.

Сұрақтарыңыз болса бізге тікелей direct-ке жазыңыз.

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi