Азия Чемпионаты: "Команда тек жеңісті көздеп отыр!"
Бүгінде ұлттық құрама Хатцукаичи қаласында жүр. Мұнда осы демалыста триатлоншылар үшін маусымның басты сайысы – Азия чемпионаты болады.
«Команда түгелімен чемпионат өтетін қалаға келіп жетті. Келу бойында қайтадан ПЦР-тест тапсырып, 72 сағаттық карантиннен өттік. Жаттығуға жасалып отырған жағдайға келетін болсақ, қатты айтпағанның өзінде жағдай әлдеқайда біз күткендей емес.Қонақүйдің конференц-залын жаттығу залы ретінде бейімдеп қойған. Онда күніне тек екі мезгіл: азанда және кешке бір сағаттан бекітілген кесте бойынша ғана кіруге рұқсат. Онда екі айналмалы станок қойған, әрине, бұл станокта қажетті жаттығуларды толыққанды орындай алмайсың. Бар жерде жүгіруге тыйым салынған, тіпті жаңағы залда да. Сайысқа бір күн қалғанда ғана жүзуге рұқсат беретін болса, велокезеңнін маршрутын сайыс басталардың алдында ғана көрсетеді» , - деп бапкерлер қазіргі құрама жағдайымен бөлісті.
«Әрине, елдің өте қатаң карантин жағдайында отырғандыны, бұл шаралар спортшылардың денсаулығын сақтау мақсатында жасалып отырғандығын түсінеміз. Әйтсе де, біз бейімделіп алдық, мұндай жағдайдың алдын алып, өзімізбен бірге бөлмеде жаттығуға мүмкіндік беретін спорт жабдықтарымызды алып келдік. Сол құралдармен спортшылар өз бөлмелерінде жаттығып жатыр. Жалпы алғанда спортшылардың көңіл-күйі жақсы, команда тек жеңісті көздеп, осы сенбіні асыға күтуде!» - деп толықтырды.
Еске сала кетейік, Elite санатындағы дода 24 сәуір күні болады: ерлер – Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7.30. әйелдер – сағат 10.00 сайысты бастайды.