Бурабайда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті
Бүгін Бурабайда триатлон бойынша өткен екі күндік сайыстар өз мәресіне жетті. Екінші сайыс күні аясында сайыс алаңына бірінші болып Elite санатындағы спортшылар шықты. Олар крос-кантри триатлоны бойынша ел чемпиондарын «спринтерлік» қашықтықта (500 м жүзу, 12 км веложарыс, 4 км жүгіру) анықтады.
Желді ауа-райы мен тынымсыз толқындар сайыскерлердің мақсатына жетулерін қиындатты. Ауа температурасы 24°С, ал су температурасы 19°С болды.
Жүзу кезеңінен кейін Қарағанды облысының спортшысы Антон Чиканков 2 минуттық басымдылықпен алға озып шықты. Алайда велокезеңде шахтерлер өңірінің өкілі Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Александр Куцевке жол берді. Куцев сағат 5 минут 43 секунд уақыт көрсетіп, сайыс жеңімпазы атанды. 1 сағат 6 минут 18 секунд нәтиже көрсеткен Антон Чикакнов күміс жүлде алды. Жеңімпазға 5 минуттай эеңілген Кирил Рябцев (ШҚО) үшінші атанды.
Қыздар арасындағы жүлделі орындарды Шығыс Қазақстан облысының спортшы қыздары таласты. Мәреге бірінші болып 1 сағат 20 минут 25 секундта Іңкәр Мангибаева жетті. 1 сағат 20 минут 25 секунд уақытымен Виктория Бабина екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті Анастасия Маврина (1 сағат 22 минут 8 секунд) тұйықтады.
Сайыс алаңына екінші болып “TEMIRADAM” Кубогінің VI кезеңінің қатысушылары – әуесқой спортшылар шықты. Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген жеке есептегі 87 спортшы және 9 эстафеталық команда «спринт» (750 м жүзу, 20 км вело, 5 км жүгіру) қашықтығын бағындыруға бел буды.
Ерлер арасында абсолютті үздік нәтижені бұрынғы кәсіби спортшы, астаналық федерацияның бапкері Сергей Бондаренко көрсетті - 1 сағат 7 минут 42 секунд. Әйел сайыскерлер арасында шаңғы тебуден халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Солт-Лейк Ситидегі қысқы олимпиада ойындарының қатысушысы, Аомориде өткен бесінші қысқы Азия ойындары мен 2013 жылғы Бүкіләлемдің қысқы Универсиаданың жеңімпазы Дарья Старостина үздік атанды. Оның уақыты – 1 сағат 21 минут 46 секунд. Эстафеталық командалар арасында 1 сағат 8 минут 47 секунд нәтижесімен «Ironciti Kokshetau» командасы бірінші болды.
Ұлттық біріншілік аясында өткен екі күндік сайыс нәтижелерімен www.triathlon.org.kz сайтында танысуға болады.