Жалған ПЦР анықтамалары үшін бір жылға шеттету
Өкінішке орай соңғы уақыттары елімізде жалған ПЦР тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын көрсету жайттары жиілеп кетті. Мұндай жағдайлар біздің сайыстарымыздан да тыс қалмады: соңғы жарыстарда қайталап тестілеуден өтуді талап етуге мәжбүр болдық. Себебі кейбір сайыскерлер көрсетіп жатқан құжаттар QR кодтарына сай болмай шықты.
Қазақстандық Триатлон Федерациясы әрбір спортшы мен команда сайысқа тіркелгенде беріп отырған ақпараттың дұрыстығына өздері жауапты екендігін еске салады. Ендігіде жалған ПЦР-тестілеу анықтамасын көрсеткен спортшылар сайыстарымызға қатысудан бір жылға шеттетіледі.
Баршаңызды жалпыға ортақ қауіпсіздік шараларын ұстануларыңызды: тұмша киіп, қол гигиенасы мен әлеуметтік қышықтықты сақтауға шақырамыз. Бекітілген заң мен әдеп талаптарын бұзбауларыңызды өтінеміз! Жалған анықтама көрсету арқылы сіздер өзге сайыскерлерге ғана емес олардың жақындарына да қауіп төндіретіндігіңізді ұмытпаңыз.