Екатерина Шабалина мен Мұрат Жәкен Талдықорғанда өткен ұлттық кубокта жеңіске жетті
Бүгін Талдықорғанда алғаш рет республикалық триатлон турнирі өтті. Қазақстанның сегіз аймағынан келген спортшылар 750 м жүзу, 20 км велодода мен 5 км жүгіруден құралған спринт қашықтығында сынға түсті.
Сайыс қалалық жағажайда өтті. Сайыскерлерге Қаратал тау өзенінің суынан нәр алатын қолдан жасалған су қоймасының салқын су ерекше әсер етті. Көкке оранған әсем қала сайыскерлерді жайлы ауа райымен қарсы алды.
Ерлер арасында 1:01:05 уақыт көрсеткен көкшетаулық Мұрат Жәкеннің бабы озды. Екінші орыннан Түркістан облысының тумасы Ерасыл Аманжолов (1:01:41) көрінді. Үшінші орында – Ақтөбе облысының өкілі Дарын Қонысбаев (1:01:41).
Маусым басталғалы болып отырған үшінші додада қарсыластарына дес бермей келетін астаналық Екатерина Шабалина тағы бірінші орын алды. Ол мәреге 1:01:41 жетті. Екінші орынды оған 45 секунд ұтылған Юлия Озерова (Қостанай обл.) иеленді. Үздік үштікті жүгіруде үздік нәтиже көрсеткен Надежда Бекмағанбетова (Нұр-Сұлтан, 1:01:41) тұйықтады.
Барлық сайыскерлердің нәтижелері www.triathlon.org.kz сайтында жарияланған. Ертең сайыс алаңына бүгінгіден екі есе қашықтықты TEMIRADAM Кубогы II кезеңінің қатысушылары шығады. Сайысты ҚТФ ресми YouTube арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.