Екатерина Шабалина Африка кубогында қола жүлде жеңіп алды

21 November 2021

Кеше Морокконың Дахла қаласында спринт қашықтығындағы триатлоннан Африка кубогы өтті. Сайысқа әлемнің 15 елінен келген Elite санатындағы 37 триатлоншы қатысты.

Осы сайысқа қатысқан жалғыз қазақстандық спортшы Екатерина Шабалина 01:01:34 нәтиже көрсетіп қола жүлдеге ие болды.

Бірінші және екінші орындарды жапондық спортшылар Минори Икено (01:00:57) и Чисато Накаджима (01:01:12) алды.

Ерлер арасындағы бірінші орынды жуырда Тхонъёнде өткен Әлем кубогында жеңіске жеткен мароккалық Джавад Абдельмула (00:52:27) жеңіп алды. Екінші орынды жапондық Рен Сато (00:52:32), үшінші орынды ресейлік Денис Колобродов (00:52:38) иеленді.

Споршымызды қола жүлдесімен құттықтаймыз!

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi