Уатулькода Әлем кубогының кезеңі өтті

13 June 2021

Бүгін Уатулькода (Мексика) триатлонна Әлем кубогының кезеңі өтті. Халықаралық турнирде әлемнің 36 елінен келген Elite санатындағы 108 спортшы бақ сынады. Олардың арасында триатлоннан ұлттық құрама мүшесі Арина Шульгина сайысқа түскен еді.

750 м жүзу, 20 км велосайыс пен 5 км жүгіруден құралған спринтерлік қашықтықты Арина 36-шы орында аяқтады. Оның көрсеткен нәтижесі - 1 сағат 6 минут және 41 секунд.

Бірінші орынды дат спортшысы Альберта Кьер Педерсен (1 сағ. 00 мин. 24 сек.) иеленсе, екінші орынды - американдық Кристен Каспер (1 сағ. 00 мин. 36 сек.) алды. Үздік үштікті Касперге 1 секунд ұтылған австриялық Лиза Пертерер тұйықтады.

Еске сала кетейік, турнир квалификацияылқ болып табылады – сайыс нәтижесінде жеңген рейтингтік ұпайлар Олимпиадалық рейтингке қосылады. 

Сайыстың толық нәтижелерімен сілтеме бойынша танысуға болады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi