2021 жылдың триатлоннан ақтық сайыстары Ақтауда өтеді

20 September 2021

25 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында триатлоннан республикалық сайыстардың ақтық кезеңдері басталады. Бұл күні сайыс алаңына олимпиадалық қашықтықтағы ҚР Ашық кубогы финалының аясында Elite және U23 спортшылары сынға түспек. Он тоғыз жасқа дейінгі спортшылар спринтерлік қашықтықта сайысады.

26 қыркүйекте бірден екі сайыс өткізіледі – кәсіби спортшылар арасында ҚР Ашық кубогы және Pro, Age Group спортшылары арасында «TEMIRADAM» кубогының финалы. Спортшылар орта қашықтықты бағындыратын болады: 1900 м жүзу, 90 км велосайыс және 21 км жүгіру. Сайыстарға Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген 130 астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Бас серіктестердің қолдауымен: «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Sport Qory» Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры, Eurasian Resources Group компаниялар тобы, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және Манғыстау облыстының әкімдігі.

Сайыс ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және дене шынықтыру министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті» ҚБ (әрі қарай – ҰОК), «Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ (әрі қарай – ҚТФ) және Манғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Ақпараттық қолдау: Дене шынықтыру және спорт істері комитеті, WE project Media.

Өткізілетін орны: Ақтау қаласы, Rixos Aktau қонақүйі

Басталуы: 08:00 сағ.

Сайыстың бас төрешісі: Михаил Кузнецов

Байланыс

«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ

010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауд., Қабанбай батыр д., 53, 208 кеңсе

www.triathlon.org.kz

info@triathlon.org.kz

media@triathlon.org.kz

+7 777 306 77 11

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi