Өскеменде өткен ел біріншілігінің қорытындысы
Бүгін Өскеменде кәсіби спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Сайыста Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымент қалалары мен Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келген 101 спортшы бақ сынады.
Өскемен ұлттық біріншілік қатысушыларын күн шуақты ауа райымен қарсы алды. Су температурасы 19,3 °C болып, гидрокостюм киюге рұқсат етілді.
Этнопарктың суперспринттік қашықтығын бірінші болып бағындыруға Elite санатындағы спортшылар шықты. Әйелдер арасында сайысты бірінші болып астаналық спортшы Екатерина Шабалина аяқтады. Оның уақыты – 28 мин. 15 сек. Екінші орынды алматылық Юлия Озерова 28 мин. 37 сек. алды. Үштікті тағы бір алматылық спортшы Дарья Бычкова (28 мин. 49 сек.) тұйықтады.
Ерлер арасында ел чемпионы атағын 25 мин. 38 сек. уақыт көрсеткен астаналық Дарын Қонысбаев жеңіп алды. Біріншіліктің күмас алқасын алматылық Ануар Турубаев (25 мин. 44 сек.) иеленсе, үшінші орынды астаналық Иван Тутукин (25 мин. 48 сек) алды.
Кіші санаттағы спортшылар ел мықтысын суперспринттік қашықтықтағы жеке сайыста жеңіп алды. Егер уақытша қорытындылайтын болсақ, бірінші көзге түсетін нәрсе – бұл қорытынды нәтижелерінің тығыздығы. Жоғары тығыздық – барлығына пайдасы тиетін жақсы бәсекелестік. Чемпиондар мен көшбасшыларға кейінгілердің жатпай-тұрмай дайындалып жатқандығын білдіреді. Бұл дегеніңіз күрестің одан сайын қызықты қылмақ.
Келесі кәсіби спортшылардың додасы 12 маусымда Алматыда өтеді. Қазақстандық Триатлон Федерациясы спорт жанкүйерлерін Сайран жағалауына қолдау көрсетуге шақырады.
U15, U17, U19, U23 санаттары арасында ҚР триатлоннан Ашық чемпионатының қорытындысы:
U15, қыздар:
- Диана Ержанова (Нұр-Сұлтан) – 32 мин. 15 сек.;
- Ангелина Редченко (Ақмола обл.) - 32 мин. 33 сек.;
- Вероника Иванюк (Шымкент) - 32 мин. 43 сек.
U15, ерлер:
- Никита Дубинский (Ақмола обл.) - 28 мин. 32 сек.;
- Станислав Глок (Ақмола обл.) - 29 мин. 53 сек.;
- Тимур Бакиров (Ақмола обл.) - 30 мин. 09 сек.
U17, қыздар:
- Анастасия Захарова (Ақмола обл.) - 33 мин. 09 сек.;
- Милена Саприна (Алматы) – 33 мин. 13 сек.;
- Ева Пинчук (Нұр-Сұлтан) – 35 мин. 01 сек.
U17, ерлер:
- Медхат Даиров (Ақмола обл.) - 28 мин. 13 сек.;
- Арлан Жанабай (Ақмола обл.) - 28 мин. 35 сек.;
- Александр Молчанов (Алматы) – 29 мин. 18 сек.
U19, қызар:
- Аружан Аманжолова (Түркістан обл.) – 32 мин. 22 сек.;
- Наталья Короткова (Ақмола обл.) - 33 мин. 40 сек.;
- Лисана Савченко (ШҚО) – 33 мин. 49 сек.
U19, ерлер:
- Александр Тен (Алматы) – 25 мин. 59 сек.;
- Егор Крупяков (Алматы) – 26 мин. 14 сек.;
- Максим Шмулич (Ақмола обл.) – 26 мин. 20 сек.
U23, қыздар:
- Надежда Бекмаганбетова (Нұр-Сұлтан) – 29 мин. 13 сек.;
- Айгерим Нургали (Түркістан обл.) – 32 мин. 41 сек.;
- Дина Тузган (ШҚО) – 42 мин. 29 сек.
U23, ерлер:
- Алихан Абусеит (Шымкент) – 26 мин. 36 сек.;
- Мурат Жакен (Ақмола обл.) – 26 мин. 50 сек.;
- Ерасыл Аманжолов (Түркістан обл.) – 27 мин. 21 сек.
Сайыстар бас серіктестердің: «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Eurasian Resources Group компаниялар тобы, сонымен қатар, Sport Qory» Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры қаржылық серіктестің қолдауымен өткізілгенін естеріңізге саламыз.