Аймақтардың жұмыс нәтижесі – Шілде
Жергілікті федерациялар триатлонды еліміздің аймақтарында дамыту мен насихаттауға бағытталған көптеген жұмыстарды үздіксіз атқарып келеді. Шілде айында бірнеше көлемді жарыстар өткізілді.
Сөйтіп, 7-8 шілдеде Көкшетауда Elite санатындағы спортшылар арасында ҚР Кубогі және Age Group санатындағы спортшылар арасында “супер-спринт» санатындағы ҚР Чемпионаты өтті. Бұл республикалық сайыстардың ойдағыдай жоғары деңгейде өту жолында Ақмола облысы триатлон федерациясының білікті мамандары еңбектенді. Жарыста еліміздің түпкір-түпкірінен келген Elite санатындағы 60 спортшы және Age Group санатындағы 70 атлет бақ сынасты.
21-22 шілдеде Қостанайда өткізілген ҚР Чемпионатында Elite санатындағы спортшылар әр түрлі қашықтықта сайысса, Age Group санатындағы спортшылар «стандартты» қашықтықта сынға түсті. Жарысқа Ақмола, Қостанай, Туркістан, Қарағанды облыстарынан, және де Астана мен Алматы қалаларынан бақ сынауға келген бірінші күні Elite санатындағы 62 спортшы, Age Group санатындағы 50 атлет қатысты. Сайыс аяқталғаннан кейін сайыскерлер мен жанкүйерлер ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығына ризашылықтарын білдіріп жатты. Кәсіби спортшылар вело-кезеңнің трассасына жоғары бағаларын берді.
Бұл жасалған жұмыстар қос федерация үшін де республикалық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырудың бастамасы ғана екендігіне сенімдіміз. Ендігі олар келер жылдың сайыстарын ұйымдастыруға қызу дайындық жұмыстарын бастап та кетті.