Қарағандыда “TEMIRADAM” Кубогінің IV кезеңі аяқталды

9 September 2018

Бүгін Қарағандыда “TEMIRADAM” Кубогінің IV кезеңі аяқталды. Бұл күні Астана, Алматы қалаларынан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан және Ақмола облыстарынан келген 83 спортшы «стандартты» қашықтықта (1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру) бақ сынап көрді. Ауа райы осындай жарыстың өткізілуіне қолайлы болып тұрды – ауа 17С жылы болса, су температурасы 16,2С болды.

Сөйтіп, жарыс басталып та кетті, спортшылар жүзуге кірісті. Судағы 400 метрден кейін көшті бастайтын спортшы бірден көзге түсті – Ташкент қаласының тумасы Андрей Шарипов жүзу бағдарламасын 23 минут 15 секундта аяқтап тастады. Қолайлы ауа райына қарамастан, барлық дерлік спортшылар жүзу бөлігін аяқтай алмады: 6 спортшы сайыстан шығып қалды. Жарыстың бойы Андрей Шарипов біріншілікті қолдан бермеді. Өз бәсекелестеріне бір де бір үміт қалдырмастан Андрей Шарипов 02 сағат 14 минут 33 секунд нәтижесімен ерлер арасында абсолютті жеке есепте жеңімпаз атанды. 02 сағат 15 минут 57 секунд уақытымен Айдар Мәліков ерлер арасындағы абсолюттік есепте екінші болып мәреге жетті. Ерлер арасындағы үшінші нәтижені Астана қаласы триатлон Федерациясының бас бапкері – Мұрат Әубәкіров көрсетті (02 сағат 21 минут 23 секунд).

Бүгін Қарағандыда бар жоғы төрт әсем спортшы сайысуға шыққан болатын. Олардың үшеуі мәре сызығын ойдағыдай сәтті кесіп қана қоймай, жүлделі орындарға ие болды. 02 сағат 52 минут 04 секунд нәтижесімен астаналық Әсел Садвокасова сайыстың әйелдер арасындағы және өз F35-39 жас санатында үздік атанды. Ақмола облысының тумасы Раиса Пачковская жалпы есепте екінші және F30-34 жас санатында бірінші орындарға ие болды. 45-49 жас санатында жарысқа қатысқан Татьяна Прилукова мәреге 03 сағат 18 минут 34 секундта үшінші болып келді.

Бес эстафеталық командалар арасында мәреге бірінші жеткен Қарағанды облысынан келген – «Saran Team» командасы болды (02 сағат 27 минут 24 секунд). Қарағанды облысының Сарань қаласының тағы бір команда - «Saran Team 2» мүшелері өз жерлестеріне 12 минутқа ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. Үздік үштікті астаналық «SSO» командасы 02 сағат 54 минут 50 секунд нәтижесімен тұйықтады.

Осылайша, бүгін Қарағанды ҚТФ жарыс күнтізбесінде өз орнын ойып тұрып алды, әрі сайыскерлердің пікірінше, Қарағанды триатлоннан жарыс өткізуге арналған ең әсем орын атауына лайық.

Жарыстың ақтық нәтижелері сайтымызда қолжетімді екенін еске саламыз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi