Қазақстандық триатлоншылар Азия чемпионатында сынға түспек

17 April 2021

Бүгін триатлоннан ұлттық құрама командасы Хатцукаичи қаласына аман-есен жетті.

23-25 сәуірде жапондық Хатцуакичи қаласында үлкен триатлон турнирі - 2021 Asia Triathlon Championships Hatsukaichi атты Азия чемпионаты өтпек. Сайысқа Жапония, Иран, Өзбекстан, Сирия, Филиппин, Оңтүстік Корея, Гонконг, ҚХР, Монғолия мен Қазақстаннан келген 50 кәсіби спортшы қатысады деп күтілуде.

Жапон аспанының астында Қазақстан туын ұлтты құрама мүшелері қорғайтын болады: әйелдер арасында – Арина Шульгина (Қостанай облысы) және Екатерина Шабалина (Нұр-Сұлтан), ерлер арасында – Аян Бейсенбаев (Ақмола облысы), Александр Автушко (Шымент), Ануар Турубаев (Алматы), Дарын Қонысбаев (Нұр-Сұлтан) және Семен Пивоваров (Қостанай облысы).

Ұлттық құрама бұрын да құрлықтық біріншілікте олжалы қайтқандығын еске сала кеткен жөн. 2019 жылы Оңтүстік Кореяда өткен соңғы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар сайыс фавориттеріне сәйкес бәсекелі дода көрсеткен еді. Сол кезде Elite санатындағы әйелдер арасында Арина Шульгина қола жүлде иеленсе, Аян Бейсенбаев пен Темирлан Темиров үздік ондықтың қатарынан көрінді. Жиырма үш жасқа дейінгі сайыскерлер арасында Дарын Қонысбаев «алтын» алса, Мейрлан Искаков «қола» жүлдені қанжығасына байлаған. U15 санатында алматылық Александр Тен чемпионат иелерінен асып түсіп, бірінші орын алды.

Бұл жылы да Қазақстан әнұранының шырқалатындығына кәміл сенеміз!

Чемпиондарымызға сәттілік пен жүлделі дода тілейміз!

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi