Қазақстандық спортшы қыздар Оңтүстік Азия біріншілігін жеңіп алды

2 April 2022

Бүгін Непалдың Покхара қаласында триатлоннан Оңтүстік Азия чемпионаты мен Азия кубогының кезеңі өтті. Сайысқа Аустрия, Бангладеш, Индия, Қазақстан, Польша мен Жапониядан келген алпыстан астам спортшы қатысты.

Сайыскерлер спринт қашықтығындағы жүлделі орындар үшін жарысты. Олар Пхева өзенінде 750 м жүзіп өтсе, атақты Басундхара саябағының айналасымен 20 км велосипедпен сайысып, 5 км жүгірді.

Қазақстан туының астында ұлттық құрама мүшелері сынға түсті: әйелдер арасында Екатерина Шабалина (Нұр-Сұлтан), Надежда Бекмаганбетова (Нұр-Сұлтан) мен Юлия Озерова (Қостанай обл.); ерлерде – Кирил Рожков (Алматы), жасөспірімдер құрамасының мүшелеріДаниил Зубцов (Қостанай обл.) пен Алихан Абусеит (Шымкент).

Непалдың күрделі додасында Екатерина Шабалина өзінің бас бәсекелестері жапондықтардың алдын орап әкетті. Сайыс қорытындысы бойынша Екатерина 01:02:20 уақытымен мәреге жетіп, бірінші орынды иеленді. Надежда Бекмаганбетова үшінші орынды алып, қола жүлдеге лайық болды. Оның көрсеткен уақыты - 01:04:14. Юлия Озерова (01:05:51) бесінші орында жарысты аяқтады. Қазақстандық подиумның ортасына жапондық Хираку Фукуока (01:02:53) түсті де екінші орын алды.

Ерлер арасында Даниил Зубцов (00:58:20) жарысты жетінші болып тәмамдаса, Алихан Абусеит (00:58:25) - сегізінші. Жүлделі орынға әбден бәскелестік танытып, алайда велосипедінің доңгелегі тесіліп қалған Кирил Рожковтың сайысы сәтті болмады.

Ерлер сайысының бірінші және екінші орындарын жапондықтар Гента Учида (00:53:14) мен Киотаро Иошикава (00:53:22) жеңіп алды. Үшінші орынды аустриялық Леон Паугер (00:53:36) иеленді.

«Сайыс сәтті болды. Бұл додада барлығы да қойылған тапсырманы орындады. Ешбір спортшы қателеспеді. Надежда Бекмаганбетова жапондық бәсекелесінің ағаттығын ұтымды пайдаланып, біз ойлағандай үшінші орынды алды. Екатерина Шабалина бапкерлердің бар айтқанын бұлжытпай орындады: жүзуді алдыңғы қатарда аяқтап, велосайыста да, жүгіруде де дес бермеді. Жасөспірімдер құрамасының мүшелері Даниил Зубцов пен Алихан Абусейттің бұл жоғары деңгейдегі алғашқы сайыстары еді. Сайыскерлер тізімін талдап, бапкерлер оларды 5 пен 10 орыннан көрінеді деп күтен болатын. Үмітіміз ақталды. Кирилл Рожков жүзу кезеңін жақсы аяқтады, әйткенмен велосайыстың 8 шақырымында дөңгелегі тесіліп, уақытынан бұрын сайысты аяқтауға мәжбүр болды. Мұндай сәтсіздіктер үйреншікті жағдай және де ешкім алдын ала алмайды», - деп пікір білдірді ҚТФ бас хатшысы әрі құраманың бас бапкері Максим Крят.

«Бүгінгі жүлделі орындар – бапкерлердің үлкен жұмысының нәтижесі. Қыс бойы жаттығуға орын берген Назарбаев Университетке алғыс білдіргім келеді. Сонымен қатар, спортшылардың жиынын ұйымдастыру, сапарға аттандыру сынды көзге көрінбейтін жұмыстың барлығын атқарып отырған Қазақстандық Триатлон Федерациясының ұжымына рақметімді айтам. Бұл көпшіліктің көзіне көрінбесе де, үлкен жұмыс. Ендігіде біз Кореяда болатын Азия чемпионатына дайындаламыз. Ол жақта біздің құрамамызды жеңіске лайық негізгі фаворит ретінде күтіп алады».

Еске сала кетейік, триатлоннан құрлықтық біріншілік 4 маусымда Оңтүстік Кореядағы Седжон қаласында болады.

Спортшыларымызды жеңіспен құттықтаймыз!

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi