Қазақстандық Триатлон Федерациясы 2021 жылдың үздік триатлоншыларын марапаттады

23 December 2021

22 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Қазақстандық Триатлон Федерациясының 2021 жылдың қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ресми марапаттауға ҚТФ Құрметті президенті К. К. Мәсімовтың, ҚТФ Президенті А. А. Қазтаевтың, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының орындасары А. Б. Бектенованың, BI Group басқармасының төрағасы А. А. Омаровтың және басқа да қонақтар қатысты.

Триатлонды дамуына қосқан үлесі мен оны дамытудағы ерен еңбегі үшін тек кәсіби спортшыларға ғана емес, олардың бапкерлеріне, әуесқой спортшыларға, және де республикалық триатлон қауымының ерекше көзге түскен өкілдеріне де құрмет көрсетілді.

«Бүгінгі марапаттау рәсімінің қонақтарын көргеніме қуаныштымын! Баршаңызды 2021 жылғы маусымның сәтті аяқталуымен құттықтаймын! Алда келе жатқан маусымда бүкіл қазақстандық триатлон қауымына үлкен жетістіктер тілеймін!», — деді ҚТФ Құрметті президенті К. К. Масимов.

«Жыл жаңалығы – үздік спортшы» номинациясын Чолпон-Атада өткен спринт қашықтығындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР суперспринт, спринт және стандартты қашықтықтардағы триатлоннан абсолютті чемпионы, Pro санатындағы TEMIRADAM Кубогының жеңімпазы – Екатерина Шабалина жеңіп алды.

«Жыл спортшысы» атағын екінші рет 2021 жылғы спринттегі Азия чемпионы, ұлттық рейтингтің абсолютті көшбасшысы, Pro санатындағы TEMIRADAM Кубогының жеңімпазы Дарын Қонысбаев жеңіп алды.

«Жыл бапкері» атағын Ақмола облысындағы жас триатлоншыларды жылдар бойы жаттықтырып келген Каролина Гидич иеленді. Чолпон-Атадағы құрлықтық біріншілікте К. Гидичтің шәкірттері жеңіс тұғырын түгелдей жаулап алған.

«Жыл федерациясы» номинациясында Нұр-Сұлтан қалалық триатлон федерациясы жеңіске жетті. Федерация құрылғаннан бері белсенді жұмыс атқарып, өз бетінше қалалық сайыстар ұйымдастырып, қалалық спортшыларға жан-жақты қолдау көрсеткен.

«Жыл сайысы» болып Ақмола облысындағы Бурабайда 11 шілдеде өткен TEMIRADAM Кубогының ІІІ кезеңі аталды. Номинациядағы жеңіс ҚТФ тұрақты мүшелері арасында өткізілген ресми сайтындағы онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша тағайындалған. Дәстүрлі түрде Бурабайдағы сайыс жыл сайын өткізілетін әрі көптеген спортшылардың басын қосатын нағыз спорт мерекесіне айналып кеткен.

«Триатлонды Қазақстан Республикасында дамыту мен танымал ету ісіне қосқан ерекше үлесі үшін» атағы Айдын Рахымбаевқа табысталды. Айдын Жұмаділұлы ұлттық триатлоны қауымының аяқ алуы жолында белсенді еңбек еткен. Ол астана жүрегінде арнайы Триатлон паркін салдыртқан, Түркістан облысындағы Кентауда сайыс жолын салдыртуда баға жетпес көмек көрсеткен. Айдын Жұмаділұлы IRONMAN сайыстарының алғаш рет Қазақстанға келуіне жол салып, спортшыларымыздың атақты сайысқа өз отанында қатысуына жол ашқан.

«Баршаңызды маусымның аяқталуымен құттықтаймын. Жыл қызықты сәттерге бай болды. Бастысы – біз өз мақсаттарымызға қарай қозғалысымызды тоқтаттпадық. Бүгін мен әуесқой спортшыларды қуана қарсы аламын. Мен үшін сіздің әрбіріңіз — жеңімпазсыз! Сіздердің, сіздердің жетістіктеріңіздің арқасында триатлон қазақстандықтар арасында танымал болып келеді. Жақын уақытта триатлонды қолдаушылардың саны тек өсе береріне үмітім зор!», - деді TEMIRADAM  Кубогының жеңімпаздарын марапаттаған ҚТФ Президенті А. А. Қазтаев.

Әуесқой спортшылар арасында чемпиондар — 2021 жылғы TEMIRADAM Кубогының  жеңімпаздары болып аталғандар: Рысқұл Тлеген (ЕRG team) – М18–24 санаты, Евгений Азарьев (Алматы) – М25–29 санаты, Азат Сембаев (NomadTriClub) – М30–34 санаты, Ернұр Жаленов (Ironqazaqstan) – М35–39 санаты, Сергей Прохоров (Ironqazaqstan) – М40–44 санаты, Сергей Бондаренко (Ironqazaqstan) – М45–49 санаты, Талгат Жумагалиев (NomadTriClub) - М50-54 санаты, Дандыбай Алимбаев (NomadTriClub) – М55–59 санаты және Бақытжан Бектенов (NomadTriClub) – 60+ санаты.

Биыл қазақстандық әйел триатлоншылар өз белсенділігімен қуантты. 2019 жылмен салыстырғанда (бір ғана әйел жеңген) бұл жолы бірден алты спортшы қыздарымызға құрмет көрсетілді: Айна Усенова (NomadTriClub) – F25–29 санаты, Айнур Кумарова (NomadTriClub) – F30–34 санаты, Светлана Дымовских (MironTriathlonteam) — F35–39 санаты, Джамиля Акмолдаева (Ironqazaqstan) – F40–44 санаты, Инна Вишнякова (Ironqazaqstan) — F45–49 санаты және Татьяна Прилукова (Ironqazaqstan) — F50–54 санаты.

Ауыспалы TEMIRADAM Кубогы ҚТФ алғашқы клубтық жүйесінің жеңімпазы Nomad TriClub клубына табысталды. Бұл клуб бір маусымда 1645  ұпай жинап, қазақстандық триатлон тарихына мәңгілікке атын жазып қалдырды.

Және де ҚТФ ұйымдастырған ұранды ойлап табу конкурсының жеңімпазы Рысбек Жексембай марапатталды. Ол келер жылы болатын барлық сайыстарға тегін қатысу құқығын ұтып алды. Конкурсқа келіп түскен көптеген материалдар ішінде комиссия Р. Жексембайдың еңбегін таңдады. Енді ҚТФ «Тарихты бірге жасайық!» деген өз ұраны бар. Сонымен қатар, конкурстың комиссия TEMIRADAM Кубогының да ұранын бекітті: «Бірге уақыт өткізуге жақсы себеп».

Ресми іс-шара бас серіктестер: ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Sport Qory» Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры және Eurasian Resources Group компаниялар тобының қолдауымен, Samruk Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің тікелей қолдауымен өткізілді.

ҚТФ командасы барлық жеңімпаздарды және де қазақстандық триатлоншылар мен триатлон жанкүйерлерін маусымның сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтайды.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi