Қазақстан триатлон федерациясы Technical Officials 1-деңгейі бойынша екі күндік семинар өткізді

7 August 2026

Түркістан қаласында өтетін триатлоннан Азия кубогы кезеңі қарсаңында Қазақстан триатлон федерациясы Technical Officials мамандарына арналған екі күндік білім беру семинарын ұйымдастырды.

Екі күн бойы қатысушылар World Triathlon ұйымының қолданыстағы ережелерін, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру ерекшеліктерін, техникалық ресми тұлғалардың міндеттерін және төрешілік қызметтің практикалық аспектілерін зерделеді. Семинардың мақсаты — төрешілердің біліктілігін арттыру және мамандарды халықаралық деңгейдегі жарыстарда жұмыс істеуге даярлау.

Оқытуды халықаралық сарапшылар жүргізді: Қырғызстан өкілі Алексей Калинин — World Triathlon ұйымының Technical Officials білім беру бағдарламасының халықаралық фасилитаторы, сондай-ақ Иордания өкілі Firas Al-Hmood — Азиядағы техникалық ресми тұлғаларды даярлау және дамыту бағдарламаларын үйлестіретін Asia Triathlon ұйымының құрлықтық үйлестірушісі.

Осындай білім беру бағдарламаларын өткізу Қазақстанның төрешілер корпусын дамытуға, World Triathlon халықаралық стандарттарын енгізуге және елімізде өткізілетін жарыстардың сапасын арттыруға ықпал етеді.


Saıystar kúntizbesi