Қазақстандық триатлоншы Рамазан Айнегов Бахрейнде өтіп жатқан III Жасөспірімдер Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды!

23 October 2025

Қазақстан спортшысы Рамазан Айнегов Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан III Жасөспірімдер Азия ойындарындағы триатлон жарысында күміс медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер Азия ойындары — 18 жасқа дейінгі спортшылар қатысатын ең ірі құрлықтық спорттық дода. Биылғы бағдарламаға триатлонды қоса алғанда, 24 спорт түрі енді.

Суперспринт қашықтығында (жүзу — 400 м, велоэтап — 8 км, жүгіру — 2,5 км)
Рамазан Айнегов 27:11 нәтижемен мәреге екінші болып келіп, алтынды Қытай спортшысы Ли Янсонға (27:04) ғана берді.
Үшінші орын — Оңтүстік Корея өкілі Ву Хен Кан.
Қазақстандық Артём Бедрин 28:06 нәтижемен 7-орын иеленді.

Қыздар арасында Нұрмұхамет Алуа 31:42 нәтижесін көрсетті, ал Шнайдер Калерия 32:21 уақытпен мәреге жетті.

Жас триатлоншыларымызды тамаша өнер көрсетулерімен және лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз!


Saıystar kúntizbesi