ҚТФ ұранын ойлап тап!

29 November 2021

Назар аударыңыз! Конкурс!

«ҚТФ ұранын ойлап тап!» конкурсын жариялаймыз. Конкурс 20 желтоқсанда аяқталады.

Конкурсанттардан Қазақстандық Триатлон Федерациясының ресми ұраны болуға лайық есте қаларлық сөз тіркестерін күтетін боламыз.

Жасы немесе тұрғылықты жеріне қарамастан кез келген адам ҚТФ ресми ұранының авторы бола алады. Бір сайыскерден үш ұраннан артық ұран қабылданбайды.

Сайысқа қатысу туралы өтінішті info@triathlon.org.kz электронды поштасына көрсетілген уақытқа дейін жөнелту қажет.

Сайысқа қатысуға ұрандарды жіберместен бұрын талаптармен мұқият танысып алыңыз:

  • Қысқа да нұсқа — ұрандар бес сөзден артық құралмауы тиіс;
  • Ұрандар триатлон олимпиадалық спорт ретіндегі негізгі құндылықтарын сипаттауы мүмкін: төзімділік, тең құқықтық, таза спорт, күш, қуат, жыныстық теңділік және т.б.
  • Ұрандар Қазақстандағы атақты ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының атауларымен сәйкес келмеуі тиіс;
  • Ұран тіркесінде Қазақстандағы атақты тұлғалардың есімдері немесе лақап аттарынан құралмауы тиіс;
  • Ұран мазмұны қоғам құндылықтарына, адамдық пен әдеп қағидаларына қайшы келмеу керек (боқтық, жәбірлеу, кемсіту, зорлыққа шақыру және т.с.с. сөздер болмауы тиіс);
  • Ұран құрамында «Қазақстан Республикасы» немесе «Қазақстан», олармен түбірлес сөздер болмауы тиіс;
  • Бірегейлігі мен қайталбайтындығы — сайыскер өзінің ұранның авторы екендігіне кепілдік береді;
  • Ұран өзге ұйымдардың қайталмайтындай ,олармен үндес болмайтындай болкы тиіс.

Конкурста тек бір ғана жеңімпаз анықталады. Жеңімпаз есімін 25 желтоқсанға дейін жариялаймыз.

Жеңімпазға бас сыйлық — #triathlonorgkz келер жылға жоспарланған барлық сайыстарына тегін қатысу мүмкіндігі!


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi