АЗИЯ КУБОГЫ – ТРИАТЛОН, ТҮРКІСТАН 2025 26–28 ҚЫРКҮЙЕК
Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістанда Asia Triathlon Cup Turkestan 2025 жарысы аяқталды. Жарысқа Азия аймағынан ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты триатлеттер қатысты.
Бәсекеге 12 елдің спортшылары қатысты: Қазақстан, Қырғызстан, Австрия, Словакия, Чехия, Корея, Германия, Жапония, Эстония, Финляндия, Ресей және Беларусь.
Жарыс келесі санаттар мен қашықтықтар бойынша өтті:
• Elite – стандартты қашықтық: 1,5 км жүзу + 40 км велоэтап + 10 км жүгіру
• Junior – спринт: 750 м жүзу + 20 км велоэтап + 5 км жүгіру
• Age Group – стандартты қашықтық: 1,5 км жүзу + 40 км велоэтап + 10 км жүгіру
Жеңімпаздар
Elite Men санатында чемпион және қола жүлдегер атанған ресейлік атлеттер — Денис Колобродов пен Роман Минеев. Ал күміс жүлдені қазақстандық Дарын Қонысбаев жеңіп алды.
Elite Women санатында ресейлік Татьяна Баскакова чемпион атанды. Күміс — жапониялық Минори Икено, қола — Беларусь елінің өкілі Алина Синевич.
Junior Men санатында толық қазақстандық подиум тіркелді:
1️⃣ Елмурат Қанай
2️⃣ Арсений Шевченко
3️⃣ Никита Дубовицкий
Junior Women санатында да алғашқы үштікте біздің спортшылар үздік нәтиже көрсетті:
1️⃣ Аида Ким (Қазақстан)
2️⃣ Ралина Артықходжаева (Қырғызстан)
3️⃣ Рамина Агабаева (Қазақстан)
Спортшылар жоғары деңгейдегі күрделі бәсекеге төтеп беріп, өз мүмкіндіктерін толық көрсетіп, халықаралық аренада тартысты сынға дайын екендіктерін дәлелдеді. Бұл олардың олимпиадалық рейтинг жолында маңызды қадам болып табылады және Қазақстанның әлемдік триатлондағы орнын күшейтеді.
Age Group
Age Group санатының болуы елімізде триатлонның дамуына және бұқаралық сипат алуына зор үлес қосады. Бұл санатта 93 спортшы және бір команда сынға түсті.
Стартқа Қазақстанның әр қаласынан: Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Рудный, Екібастұз, Орал, Атбасардан, сондай-ақ Ташкент, Бішкек және Минск қалаларынан атлеттер қатысты.
Ең жас қатысушы — 2007 жылы туған, ең тәжірибелі спортшы — 1964 жылғы атлет болды.
Арнайы қонақ — Марк Аллен
Қазақстандық триатлеттер үшін ерекше оқиға — әлемге танымал, Ironman жарысының алты дүркін әлем чемпионы Марк Алленнің жарысқа арнайы келуі. Оның ізгі тілектері мен қолдауы Түркістандағы старты ерекше рухтандырды.
Рус
Eng






