Нуржан Усипбеков Азия чемпионаты туралы: Лицензияға күрес жалғасады!
Olympic.kz: Жапониядағы Азия чемпионаты қалай өтті?
Н. Усипбеков: Жапония Триатлон Одағы чемпионатты тиісті жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді. Төрешілердің жұмысына ешқандай ескертуім жоқ.
Olympic.kz: Чемпионат барысында шектеулер көп болған сиякты. Осыған катысты не айтасыз?
Н. Усипбеков: Ия, шектеу көп болды. Олардың көбісін қолдаунбауға да болатын еді. Сайыс алдындағы карантин өте нашар ұйымдастырылды. Бұрын айтқанымдай ұйымдастырушылар спортшылардың жаттығуына ешқандай жағдай жасамады. Алайда бұл шектеулер бізге кедергі бола алмады, себебі команда бұндайға дайындалған еді. Дайын болмаған бір ғана нәрсе – тамақтану. Спортшылар жай айтқанда өте нашар тамақтанды: берген тағамның барлығы экзотикалық әрі біздің спортшылар үшін нәрсіз болды. Спортшылардың тамақтануы жайында жергілікті ұйымдастыру комитетімен ойласқан едік, бізге жерорта теңізінің астарын беретін болып алдын ала келіскенбіз. Өкінішке орай, бұл орындалмады. Спортшылар ағзалары үйренген спорттық тағамдармен барынша азықтанса да, құнарлы салауатты тамақ қажет болды.
Осындай шаралардың салдарынан карантинде болған барлық құрама командалар қытай және жапондықтармен салыстырғанда бар мүмкіндіктерін көрсете алмады. Азиядағы бүгінгі мықты жүіруші Дарынмен бәсекелес өткен жылдың чемпионы Оскар Коггинс өзінің сүйікті спорт түрі – жүгіруден үш жапондыққа жеңіліп қалды. Гонконг құрамасының бапкері өз шәкіртінің мұндай нәтижесіне қатты көңілі толмады.
Olympic.kz: Спортшылардың нәтижесі көңіліңізден шыға ма?
Н. Усипбеков:Абсолютті нәтиежге, әрине, көңілім толмады. Жалпы жоспардағы жағдайда Дарын Қонысбаев бесінші орында, Аян Бейсенбаев – сегізінші орында, Арина Шульгина - үздік үшткіте болулары керек еді. Мұндай карантиннің әсерінен Арина сайыстың дөп алдында тағамнан уланғанын ескерсек, көрсеткен нәтижесін жақсы деп бағалаймын. Команданың ұпайын түгелдеумен болған Екатерина Шабалина қуантты. Өзі медаль үшін күресе алатынын біле тұрса да, дистанцияның бойында ол Аринаға көмектесумен болды. Шабалина медаль алудан гөрі лицензия үшін ұпай жинау маңызды екенін түсініп, Аринаның қорытынды хаттамада барынша жоғарғы орыннан көрінуін қамтамасыз етті. Соңғы метрлерде Катяның арқасында Гонконг спортшысы Браунның алын орап, көбірек ұпай жиналды. Жапондық әріптестеріміз жасаған жағдайды ескерсек, жалпы нәтижеге көңілім тоқ.
Olympic.kz: Лицензия мәселесі шешілген жоқ, алда қандай жауапты жарыстар бар??
Н. Усипбеков: Аян Бейсенбаевтың жағдайында лицензия үшін талас тоқтады. Жеке бапкері Йокогамада болатын Әлемдік серияға қатысудан бас тартты. Коггинске қарсы қажетті ұпай санын жинайтындай енді сайыс қалмады. Арина Шульгинаның жағдайында олимпиадалық лицензияға сайысты жалғастырамыз. Италия мен Мексикадағы әлем кубогында сынға түсуді жоспарлап отырмыз. Жуырда болатын ұлттық чемпионатқа Арина қатыспайды, себебі ішек-құрылысын дәрігерлік тексертуден өткіземіз. Тексеруден кейін әрі қарай қалай дайындалатынымызды жоспарлаймыз. Кезекші сайыс ретінде Непал мен Тунистегі құрлықтық кубоктарды қарастырып отырмыз. Ол жақта бізге тек жеңіс керек!
Фото: Japan Triathlon Union