Қазақстандық Триатлон Федерациясының 2021 жылға арналған сайыстар күнтізбесіне шолу

18 January 2021

Спорт жанкүйерлері үшін тақ жылдары спортта аса үлкен жаңалықтардың болмай, ал жұп жылдары Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттыр мен өзге де додалар өтетіндігі үйреншікті жағдай. Әйткенмен, 2020 жыл бар жоспарды өзгертті.

Наурызда басталған сайыс күндерін ауыстыру не мүлдем болдырмау барлық спорт түрлерін қозғады. Сөйтіп, ең ірі спорттық іс-шаралар болады деп күтіліп отырған жылда ешбір жаңалық болмады. Олимпиада ойындарына дайындалып отырған үздік спортшыларға тағы бір жыл тосу ұсынылса, әуесқой спортшылар қандай да бір сайысқа қатысу үмітінен айырылды.

Себебі, әуесқой спортшылар сайысқа қатысудың өзін қуаныш көріп, сол сайысқа барын салып дайындалады. Бұл адамдарды ілгері жылжытатын күш – игілікке сенім.

Барлы жағдай жақсарады деген үмітпен біз 2021 жылғы маусымға дайындалудамыз. Ұлттық құрама мүшелері Токиодағы ойындарға жолдама алып, төртжылдықтың медальдары үшін додаға түседі деп сенеміз. Командамыз әуесқой спортшыларды да назардан тыс қалдырмай, оларға арнайы триатлон сайыстарын ұйымдастырарына сенеміз.

Әлем тарихында ең қиындыққа толы жыл болып аталған 2020-ны өткізіп, 2021 жылдың маусымын бастай отыра, Қазақстандық Триатлон Федерациясының сайыстар күнтізбесін назарларыңызға ұсынамыз.

Көптен күткен маусымның ашылуы Нұр-Сұлтанда болады. Мұнда 21 ақпанда Қазақстан Республикасының Қысқы Чемпионаты болады. Чемпионатқа тек әуесқой спортшылар қатысып, қысқы триатлонның спринтерлік қашықтығын бағындырмақ.

Одан кейін спортшыларға ортаазиялық триатлон тарихындағы алғашқы дода - Шымкент-Ташкент сайысына қарқынды дайындалуға уақыт беріледі. 11 сәуірде сайыскерлер Шымкент қаласындағы Жайлаукөлде 1200 м жүзіп, Ташкентке дейінгі 180 км веложолды бағындырып, Өзбекстанда 12 километр жүгіріп, мәре сызығын кеседі.

Күнтізбедегі үшінші сайыс әрі TEMIRADAM Кубогының бірінші кезеңі Қапшағайда 2 мамырда болады. Мұнда сайыскерлер TEMIRADAM Кубогының алғашқы рейтингтік ұпайлары үшін сынға түседі. Кубоктың екінші кезеңі 13 маусымда Алматыда спринтерлік қашқтықта болмақ. Үшінші кезең 11 шілдеде көрікті Бурабайда стандартты қашықтықта болады. Келесі кезең 18 шілдеде Қостанайда болады. Бір аптадан кейін Павлодар Кубок сайыскерлерін қабылдайды.

Кубоктың финал алды кезеңі 12 қыркүйекте ел батысындағы Ақтөбеде өткізіледі. Бұл қаладағы сайыс алаңына Elite, Age Group, PRO санатындағы спортшылардан басқа алғаш рет паратриатлоншылар шықпақ. Дәстүр бойынша TEMIRADAM Кубогының ақтық сайысы 26 қыркүйекте Ақтау қаласында өтеді.

Орта-Азиялық Триатлон Ассоциациясы аясында (САТА) 2021 жылы бес түрлі сайыс ұйымдастырылмақ. Олардың біріншісі – Шымкент-Ташкент додасы. САТА Кубогының бірінші кезеңі 15-16 мамырда Өзбекстан астанасында өтсе, екінші кезең – 5 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда, үшіншісі – 18-19 қыркүйекте Ыстықкөлде өткізілетін болады. САТА Кубогының ақтық сайысы 9-10 қазанда Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында болады.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың жеке күнтізбелеріндегі басты сайыстардың бірі – 15 тамызда астаналық Триатлон паркте өтетін Ironman Kazakhstan және Ironman 70.3 Astana додалары.

Келе жатқан маусымның басты жаңалықтары – 2020 жылы пандемияның себебінен тоқтатылған ҚТФ клубтық жүйесін жүзеге асыруды қайта қолға алу және TEMIRADAM Кубогы аясында PRO санатындағы спортшыларды енгізу.

Міне, сайыскерлерді 2021 жылы осындай қызықты сайыс күнтізбесі күтіп отыр. Сайыстарға тіркелу жуырда www.temiradam.com сайтында ашылады.

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi