Токиодағы паратриатлон: Бірінші сайыс күнінің нәтижелері

28 August 2021

Бүгін Токиода XVI Паралимпиада жазғы ойындарының аясында триатлоннан бірінші сайыс күні аяқталды. Сайыс алаңына Аустралия, Бразилия, Великобритания, Испания, Италия, Канада, ҚХР, Ресей, АҚШ, Украина, Франция, Хорватия және Япониядан келген қырық спортшы шықты.

Токио сайыскерлерді күрт ыстық ауа райымен қарсы алды: ауа температурасы 27.9 °C болып тұрса, су 30 °C дейін ысып кетті. Одайба шығанағында таңертеңнен көтерілген 87.9% ауа ылғалдылығы сайыскерлердің тапсырмасын қиындата түсті.

Сайыскерлер Олимпиада чемпиондарын спринтерлік қашықтықта анықтады. Сайыс Одайба суларында 750 метр жүзіден басталып, Ариаке теннис саябағына бағытталған төрт шеңбер (20,2 км) велододасымен жалғасты. Ақырғы жүгіру кезеңі төрт 1.25-метрлік шеңберден құралып, Одайба жағалауындағы трибуналардың алдында мәреге келіп аяқталды.

PTS4 санатындағы спортшылар арасында алтын жүлдені үш дүркін әлем және Еуропа чемпионы Алексис Ханкьюкант (Франция) 59 минут 58 секунд нәтижесімен жеңіп алды. Екінші орынды жапондық Хидэки Уда (1:03:45) алса, үшінші орын испандық Алехандро Санчес Паломероның (1:04:24) еншісінде кетті.

 «Бүгін керемет күн болды», — деді Ханкьюкант мәреден кейін. «Әрине, ылғал ауа барлығын қиындатып жіберді. Жүзу мен велодода ойдағыдай өткенімен, жүгірген кезде өте ауыр болды. Арманым орындалды! Жергілікті халық күшті қолдау көрсетіп отырды. Баршаңызға лағыс білдіремін! Осы жеңісімді Парижде қайталаймын деген үміттемін», — деді ол.

PTS2 санатында американдық Алиса Силидің соңғы жылдар бойы күші басым түсіп жүрген еді. Бұл жолы да ол өз мықтылығын дәлелдеді. Ол өз атын паратриатлон тарихына өз атын жазып кетті: Паралимпиада ойындарында триатлоннан екі дүркін әйел чемпион болды. Ол бірінші алтынын роиода өткен ойындарда жеңіп алған еді. Оның Токиода көрсеткен нәтижесі – 1 сағат 14 минут 3 секунд. Екінші орынды оның отандасы Хейли Данц (1:14:58) жеңіп алса, үшінші орында итальяндық Вероника Йоко Плебани (1:15:55).

PTVI санатындағы әйелдер арасында 1 сағат 17 минут 15 секунд нәтиже көрсеткен испандық Сюзанна Родригес жеңіске жетті. Жаңа чемпион атанған Родригестің Times журналының тек қана пандемиямен күрескен дәрігер ретінде ғана емес, бірден жеңіл атлетика мен паратриатлоннан додаға қатысқан кәсіби спортшы ретінде қаһарманы болғаны мәлім. Итальяндық Анна Барбаро екінші орыннан (1:11:11), француздық Аннук Курзиллат үшінші орыннан (1:11:45) көрінді.

PTVI санатындағы ерлер арасында сайысты американдық Брэд Снайдер 1 сағат 1 минут 16 секунд нәтижесімен жңіп алды. Испандық Гектор Катала Лапарра (1:02:11) күміс жүлдегер, жаподнық Сатору Ёнеока (1:02:20) қола жүлдегер атанды.

Сайыстың барлық нәтижелері www.triathlon.org сайтында көрсетілген.

Дереккөз: World Triathlon


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi