Ұлттық құрама дайындығы ойдағыдай өтуде
Триатлоннан ұлттық құрама команда жуырда болатын халықаралық додаларға белсенді түрде дайындалуда. Мұндағы бас мақсат – «лемдік рейтингке қажетті ұпай санын жинау.
Бір топ спортшы 8 мен 31 наурыз аралығында Чолпон-Ата қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиын Ыстық көл жағасында ұлттық құраманың аға бапкері Мұрат Аубакировтың басшылығымен, команда дәрігері Реймер Эвальдтың қолдауымен өтуде.
Жиынға ұлттық команданығ негізгі және жасөспірімдер құрамасы қатысуда: Алихан Абусеит (Шымкент), Надежда Бекмаганбетова (Нұр-Сұлтан), Даниил Зубцов (Шымкент), Кирилл Рожков (Алматы), Юлия Озерова (Алматы), Иван Тутукин (Қостанай обл.) и Екатерина Шабалина (Нұр-Сұлтан). Бапкерлер штабы бұл жиынның басты мақсаты ортатаулық жағдайда велодайындыққа бағытталған аэробтық мезоциклді жалғастыру екендігін айтты.
«Бұл жиынның басты ерекшелігі спортшылардың гипоксия жағдайында жатты,ып жатқандықтарында. Бапкерлер штабы әр спортшының жеке бас ерекшелктерін, медициналық талдаулары мен зертханалық деректердін, физикалық көрсеткіштерін ескере отырып жұмыс жасап жатыр. Ұлттық құрама дайындығы ойдағыдай өтуде», — деп пікір білдірді құраманың аға бапкері Мұрат Аубкаиров.
Жиын біте салысымен спортшылар Непалға жол тартады. Мұнда 3000 метр биіктікте 2-3 сәуірде Азия кубогы мен Оңтүстік Азия чемпионаты болады.
Сонымен қатар негізгі құрам спортшылары да халықаралық сайыстарға дайындық үстінде. Мәселен, Ақмола облысының спортшылары Аян Бейсенбаев, Темирлан Темиров пен Мейрлан Искаков дуатлоннан Азия чемпионатынан кейін оңалту микроциклын өтіп жатыр. Еске сала кетейік, Бейсенбаев осы біріншілікте алтын жеңіп алып, Темиров пен Искаков үздік ондықтың қатарынан көрінді.
Көкшетаулықтар 3–4 сәуірде Испанияда болатын Еуропа кубогы мен Жерорта теңізі чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. Осы додаға астаналық Дарын Қонысбаев та түспек. Қонысбаев өзінің туған жері Талқыорғанда дайындалып жатыр.
Алматылықтар Ануар Турубаев пен Дарья Бычкова Түркияда жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиынға ATF бас бапкері Максим Мазур басшылық етуде. Қостанайлық Арина Шульгина Шымкентте жеке бапкерінің бақылауында жаттығуда.
Сонымен қатар жасөспірімдер құрамасының бірнеше мүшелері Түркияда өтетін Еуропа кубогына дайындалуда. Сайысқа қатысуға Хафиза Гультураева (Шымкент), Асатбек Нарметов (Шымкент), Максим Шмулич (Ақмола обл.), Мурат Жакен (Ақмола обл.), Даниил Породнов (Алматы), Александр Тен (Алматы) мен Егор Крупяков (Алматы) жолдама тапсырған.
Қорыта айтқанда сәуір айы спортшыларымыз үшін де, триатлон сүйер жанкүйерлер үшін де белсенді ай болары анық.
#triathlonorgkz
#temiradam
#triathlonorgkz_win
#teamkz_triathlon