ҚТФ өкілдері әкімнің есептік кездесуіне қатысты
Бүгін астанамызда әкім Алтай Көлгіновтың қатысуымен Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаевтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтті. Бұл кездесуге Қазақстандық Триатлон Федерациясының өкілдері де шақырылған болатын.
Федерация өкілдерін шақыруға 2020 жылы қаладағы үш парктың – триатлон паркі, Тұңғыш президент паркі мен Есіл өзенінің жаңалауындағы парктың бір парк болып біріктірілуінің жоспарлануы себеп болды.
«Осы жылы қала басшылығы триатлон паркі, Тұңғыш президент паркі мен Есіл өзенінің жаңалауындағы парктың бір парк болып біріктірілуін жоспарлап отыр. Бұл астана тұрғындары мен қонақтары үшін ғана емес, спорт сүйер қауым үшін де керемет жаңалық деген ойдамыз. Біріктіру спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қаланың көлік инфраструктурасына түсетін ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік береді. Әрине, біріктіру тек триатлонға ғана емес, түрлі шаралар мен жаттығулар өткізілетін спорттың циклдық түрлерінің барлығына да оңтайлы әсерін тигізбек.»,-деді ҚТФ спорттық директоры Сергей Майер. Сергей Майер бұл біріктірумен айналысатын жұмыс тобының құрамына кеңесші ретінде кірді.
Үш саябақтың бір үлкен парк болып біріктірілуі қаланың инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, спорттың дамуы мен салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға үлкен серпіліс беретіндігіне сенімдіміз.