Баспасөз конференциясына шақырамыз!

29 July 2019

Құрметті достар!

 Триатлоннан Азия кубогі 2019 Almaty ASTC Triathlon Asian Cup 2019 іс-шарасына арналған баспасөз конференциясына шақырамыз!

Бұл Қазақстанның оңтүстік астанасындағы 2019 жылдың басты спорттық іс-шараларының ірі. Алматы Азия құрлығындағы ең басты триатлон додаларының бірін екінші рет қабылдайтын болады.

Баспасөз конференциясы 1 тамызда сағат 12.00 «Business Hotel Almaty» қонақүйінде болады. Мекен жайы: Райымбек даңғылы, 298а. (http://www.business-hotel.kz/index.php/contact-us).

Баспасөз конференциясы бағдарламасы:

- Қазақстандық Триатлон Федерациясы, Almaty Triathlon Federation, Алматы қалалық әкімдігінің өкілдерінің мәлімдемелері;

- БАҚ өкілдеріне бдждер мен рұқсат қағаздарын беру;

- атақты спортшылармен сұхбаттасу;

- фуршет.

Баспасөз конференциясына аккредитация: andrey.z@almatytriathlon.org;

 +7 727 346 85 64; + 7 702 677 4280 (Андрей Зубов).

Аккредитация БАҚ өкілдерінің сайыс орнына өтуі үшін міндетті түрде қажет!

 

Анықтама

2019 жыдың 3-4 тамызда Алматыда екінші рет триатлоннан 2019 Almaty ASTC Triathlon Asian Cup атты халықаралық сайыс өтеді. Сайыс Қазақстандық Триатлон Федерациясы мен «Almaty Triathlon Federation» ҚБ ұйымдастыруымен және де «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, Ұлттық Олимпиадалық комитеті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатыр. Оңтүстік астанамызда халықаралық кубоктің өткізілу мүмкіндігі Қазақстандық Триатлон Федерациясының Халықаралық триатлон одағымен бірлесе отырып ел аумағында триатлонды дамыту мен спорт түрін танымал ету мақсатында жүргізген жұмыс нәтижесі болап табылады.

Сонымен қатар, осы сайыс аясында Age Group (әуесқойлар) санатындағы спортшылар «TEMIRADAM» Кубогі VIII кезеңінің рейтингтік ұпайларын ортаға салатын болады. Маршрут, кесте және т.б. сайысқа қатысты ақпарат сайыстың ресми www.almatytriathlon.kz веб-парақшасында.

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi